№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СУИЦИД: КЕСЕЛДЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

СУИЦИД: КЕСЕЛДЕН ҚҰТЫЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?


Бүгінде елімізде айдың-күннің аманында арғы дүниеге асығушылар саны артты. Жазбайың десең, жан тыныштанбайды. Себебі, қолдан жасалған қысқа ғұмырдың басым бөлігін жастар құрап отыр. Сонымен статистика сөйлейді. Жыл басынан бері 2,5 айда аудан бойынша 4 өзіне-өзі қол жұмсау дерегі тіркелген. Төртеуі де 14-29 жас аралығындағы жастар. Мұндай мәліметті әкімдікте өткен алқалы басқосу барысында сала басшылары баяндамасына арқау етті.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев модераторлық еткен жиынға облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары, облыстық жастар денсаулық орталығының директоры және аудан әкімінің орынбасары мен кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары қатысты. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе: өрелі өрендер мен жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда педагог-психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің рөлін айқындау. Жалпы, жұдырықтай жұмылып, жаманатты кеселмен қоғам болып күресудің тетіктерін талқылау.
Бірінші кезекте, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Әйтбембет мемлекеттік жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстар легін тарқата айтты.
– Бүгінде аудан бойынша 14-29 жас аралығында 22736 жас бар. Бұл аудан тұрғындарының 24,6 пайызы. Осы тұста, жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, түрлі спорттық, дебат үйірмелері мен салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жұмыс жасауда. Қазіргі таңға дейін 240 жас осы орталықтың кеңесіне жүгініп, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік бағытында тұшымды ақпарат алған. Әрине, алдағы уақытта да ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары жалғасын табады. Десе де, орын алған 4 суицидтің 3-і жастар болса, оның 1-і 8-сынып оқушысы. Жалпы, 2017-2018 жылғы жоспарға сәйкес 8-сынып оқушыларына сауалнама жүргізіліп, «тәуекел» тобына алынған шәкірттермен арнайы педагог-психолог мамандар жұмыс жүргізді. Оған қоса, аудандық жастар денсаулық орталығы психолог мамандары мен ювеналды полиция қызметкерлері, жергілікті имамдармен бірлесе отырып, суицидтің алдын алу бағытындағы кездесулер тұрақты өткізіліп келеді, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан кейін модератор Еркебұлан Қайырбекұлы облыс бойынша ауылдық әкімдік жанынан жастар ісі жөніндегі мамандарға штат мәселесі шешілген тек Жаңақорған аудан екенін тілге тиек етті. Алайда, мемлекеттік ресурстарды неге тиімді пайдаланылмай отырғанын сұрақ еткен басқарма басшысы егер қажет болса жастар маманын ауыстыруға не штатты басқа салаға беру керектігін жеткізді. Мемлекет тарапынан қолдау көп, нәтиже жоқ. Себебі, кешегі орын алған өзіне-өзі қол жұмсау дерегінің 3-уі маргинал жастар қатарында екенін жеткізген Еркебұлан Меңлібаев NEET санатындағы жастармен насихат жұмыстарын үдетуді жүктеді. Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анаркүл Шүкірова бұл емхана жанынан құрылған жастар денсаулық орталығы мамандары тұрақты түрде алдын алу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келе жатқанын мәлімдеді.
– Тіркелген суицид оқиғалары бойынша облыс республикалық көрсеткіштен төмен. Десе де, мұнымен тоқмейілсуге болмайды. Кеселдің алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмысын жандандырамыз. Бұл бағытта облыста 96 психолог, 132 әлеуметтік қызметкер бар. Оның ішінде, Жаңақорған ауданында 5 психолог пен 20 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасауда. Жалпы қолда мәліметке сүйенсек, облыс бойынша 258 «тәуекел» тобы тіркелсе, соның 20-сы Жаңақорғанда. Сондықтанда сала мамандары «тәуекел» тобындағы оқушылармен жекелей жұмыс жасауда, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, басқосу барысында жуырда суицидке әсер етуші факторларды анықтайтын «Жол картасы» жасалып жатқаны белгілі болды. Бұл жөнінде Еркебұлан Меңлібаев ұтымды ұсыныстар болса қабылданатынын жеткізді. Жоба аясында алдағы уақытта осы жасақталған сауалнама бойынша Түгіскен, Өзгент, Екпінді, Келінтөбе ауылдық округінде «тәуекел» тобын анықтау керектігін тілге тиек етті. Әрі бұл іске барлық ресурстарды тиісті деңгейде атсалысуға шақырды. Яғни, олардың қатарында мектеп психологынан бастап, учаскелік полиция, әлеуметтік қызметкер, жастар ісі жөніндегі мамандар мен жастар денсаулық орталығы мамандары бар. Осылайша, жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын жеткізген басқарма басшысы Еркебұлан Қайырбекұлы бірлескен істе береке болатынын тағы бір мәрте тіліне тиек етті.

ҚАЙТПЕК КЕРЕК?
Түптеп келгенде, алқалы басқосудан түйгеніміз – «сананы тұрмыс билейді» демекші, нарықтың заманның талабына сай жұмысбастылықтан ұл-қызына көңіл аудара алмау. Баласының кіммен және қандай отбасынан шыққан баламен достасып жүргенін сұрамау. Көретін мультфильмдерін сараламау. Қолжетімді ғаламторды бақыламау. Қала берді ең болмағанда ертегі айтып бермеу. Бір сөзбен айтқанда, өзгенікін тілдеп, түгендеу де жан салмай, өзінікіне келгенде салғырттық танытудың соңы оқушының мейірімсіз болып қалыптасуына жол ашатынын жеткізді. Одан кейін ол бала өзіне қажеттіні сайтани сайттардың сандырағынан іздейтінін айтты. Ең бастысы бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуды қолға алу керектігіне назар аударды. Оған қоса, жиналыс модераторы имам-молдалардың ізгілікке үндейтін ілімдерін пайдалануды тақырыпқа арқау етті. Асылында Ислам діні суицидті мүлдем құптамайды. Өйткені – адамға жан–аманат етіп берілген. Ал, аманатты тек Алланың өзі ғана алады. Тіпті, өзін өлтіру былай тұрсын, денеге сурет сызуға қатаң тиым салады. Нағыз мұсылман – бақытқа кенелсе шүкір деу керек. Қайғы-қасіретке тап келсе, сабыр деуі керек. Ендеше аты жаман бұл дерттен құтылудың бір жолы – балғындарды ерте бастан имани тәрбиемен сусындатқан абзал. Хош. Сұм суицидтің басты емі – баланы да жасты да жалғызсыратпау. Үнемі дастархан басында сұхбаттасып, ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысу. Ұлттық тәрбиеден қол үзбеу. Қазақылыққа салғанда қарапайым қағида: «Баланы жетіге келгенше тыйма, жеті жастан бастап құлыңша қина, ол он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла». Сонда ғана тіршіліктен түңілетін жеткіншектердің саны азаяды. Өмірдің құндылығын түсініп, ата-ананың, елінің үмітін ақтайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тәлімді тәрбие – тіршіліктен түңілмеуге тосқауыл.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
03 сәуір 2018 ж. 1 304 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 04:33
Wie Bekomme Ich Viagra Cialis Levitra Canadianhealthandcaremallviagra Viagra Professional 100 Mg Canada where to buy cialis online safely direct cheap isotretinoin curacne next day

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 17:32
Comprar Propecia Sin Receta Viagra Frau Forum Lloyds Pharmacy Propecia cialis from canada Doxycycline Monohydrate 100mg Buy Now Comprar Cialis Generico En Valencia Pfizer Viagra 100mg Price