№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күн – тіршілік көзі

Күн – тіршілік көзі


Күн – Құс жолының алыстау пұшпағында жатқан кәдімгі жұлдыздардың бірі. Оның орбитасын планеталар мен астероид деп аталатын аспан денелері айналып жүреді. Астероидтардың көлемі өте шағын, сол себепті олар планеталар тізіміне кірмейді.

Күннің диаметрі шамамен 1,4 млн. шақырым. Ол Жерден 100 есе, ал Эпитер планетасынан шамамен 10 есе үлкен. Жер мен Күннің арақашықтығы 150 млн. шақырым шамасында. Егер Алматыдан Күнге қарай жүрдек поезд жөнелтсек, ол белгіленген межеге 170 жылда әрең жетер еді.
Күн негізінен сутегіден тұрады. Сутегі үздіксіз энергия бөліп тұратын қуат болып табылады. Күн әрбір секунд сайын 4 млн. тонна «салмақ жоғалтады». Осы «салмақ» аз ғана уақытта жарық пен жылуға айналып, кеңістікке тарайды.
Күн ядросындағы температура 15 млн. градусқа дейін көтеріледі. Дәл осы ядрода атомдардың қосылу процесі жүріп, соның нәтижесінде Күн энергия бөліп шығарады. Күннің ең сыртқы қабатындағы ыстық 2 млн. градусқа дейін төмендейді.
Күн жарықтық адам сенбестей қуат бөліп тұрады. Оның бойынан бір ғана секундта бөлінген қуатты АҚШ-тағы электростанциялар бірігіп 10 млн. жылда әрең өндірер еді. Оның сыртқы қабатындағы сіріңке қорабындай жарық 10 млн. балауыз шырағынан да күшті.
Бойындағы барлық қуаты сарқылған соң Күн де суық денеге айналады. Сол кезде Күн жүйесіндегі планеталардың да тіршілігі тоқтайды.
13 сәуір 2018 ж. 5 358 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 00:13
Cialis 20mg Moins Cher Can You Get High Off Cephalexin Viagra Online Next Day http://xbmeds.com Amoxicillin Allergies To

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 05:56
Synthroid Without Prescription In Pa Levitra Cialis Ou Viagra Amoxicillin With Potassium Clavulanate viagra vs cialis Inderal Canada Nol Prescription