№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақина сыры

Сақина сыры

Сақина – ықылым заманнан келе жатқан зергерлік бұйымның бірі. Осынау бір кішкене сәндік бұйымның тарихын білеміз бе? Осының сырына терең үңіліп көрейікші.
Бірнеше жылдан бері зергерлікті жанына серік етіп, түрлі сақиналардың кескінін сызып жүрген Айкүміс Ержанқызымен әңгіме барысында қызықты жайттарға қанық болдық.
– Бүгінгі күні қыз-келіншектер жастары мен жасамыстары той-томалаққа, түрлі жиындарға алтынмен апталған, күміспен күптелген сақина-сырғамен, алқа-білезігін тағынып баруға тырысады. Ал өткенге көз жүгіртсек, қазақ әйелдері сақинаны тек сәндік үшін тақпаған. Сақинаны тазалықтың белгісі санаған. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде сақина не жүзік болуы керек деп есептеген. Өйткені, сақина соғылатын күмістің, алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа пайдалы әсер ететінін сол кезде білген. Тіпті күні бүгінге дейін кейбір отбасыларда жас келіншектер нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады», – деп ескертіп отырады. Бұл да бір керемет ғұрып болып табылады.
Ал, Сәуле Мәуленқызыныңжүзік туралы айтары мүлде бөлек. Қарап отырсақ, бір ғана жүзікте қаншама ғажайып сыр жатыр десеңізші.
 – Кезінде хандар, патшалардың жеке жүзік-мөрлері болған. Қағазға басылған жүзік мөрі арқылы ел тағдыры, жан тағдыры да шешілгені тарих беттерінен белгілі. Біреу өлім жазасына, біреу зынданға, енді бірі айдауға жіберілді. Бір жүзік ұшындағы таңба арқылы бәрі шешіліп отырады. Адамның он екі мүшесі болмаса да, ақыл кені – мидың ойлағанын қолмен жүзеге асуына соңғы шешімді бекітетін де – мөрлі жүзік. Сақина дегенде әрдайым алдымен неке сақинасы ойға келеді. Ырым-жоралғыға жүгінсек, неке сақинасы жұп-жұмыр, кедір-бұдырсыз әрі көзсіз болғаны шарт. Ол – жас жұбайлар кедергісіз өмір сүрсін, бақыттары сол сақинаның дөңгелегіндей шексіз, таусылмайтын болсын деген ырым. Неке сақинасын алмастыру дәстүрін болжам бойынша мысырлықтар ойлап тапқан. Сақи­наның дөңгелек формасы мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты білдіреді. Еуропалықтар жас босанған ананың саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуы керек деп санаған. Олардың түсінігінше, сақина қиналмай босануға көмектеседі деп ырымдаған.
Иә, сақина қазақ зергерлерінің ең көп жасайтын әшекей түрі. Олар өз иесінің көркемдік талғамын ғана емес, мүліктік-әлеуметтік мәртебесін де білдіреді екен. Жүзік тұмар, тіл-көзден сақтайтын зат ретінде, дипломатиялық қарым-қатынаста өзара тарту ретінде, әйел мен ер адамның бір-біріне деген сезімін жеткізу белгісі ретінде қолданылған. Сақина сыйлау арқылы ішкі сезімін, құштарлығын білдіретін болған.
07 наурыз 2021 ж. 1 654 0