Әлемдегі ең қымбат мотоциклдың артықшылығы неде?
«Harley-Davidson» әлемдегі ең қымбат мотоцикл. Ол гауһар тастармен көмкерілген» – деп жазды www.gq.ru ақпараттық порталы.
Мотоцикл өндірісі бойынша аты аңызға айналған «Harley-Davidson» компаниясы «Blue Edition» жаңа моделін шығардыү. Ол швейцариялық Bucherer зергерлік үйімен бірлесе жасалған. 320 гаухармен көмкерілген. Корпусында 5.40 каратты асылтаспен әрленген сақина орналастырылған екен. Әрбір бұранда алқызыл алтыннан жасалған. Оның 100 ат күші бар қозғалтқышы сағатына 187 километр жол жүруге мүмкіндік береді. Темір тұлпар тек қожайынының саусақ ізінен ғана тұтанады. Бүгіндеол әлемдегі ең қымбат мотоцикл ретінде бағаланып отыр. Бағасы – 1,9 миллион доллар.
Пікір 2