» » Мереке қарсаңында сот қызметкерлері абырой биігінде

Мереке қарсаңында сот қызметкерлері абырой биігінде


16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Бибайым Ашимовна Налибаева Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышевтың «Алғыс» хатымен марапатталды.
Аудандық соттың бас маман-сот приставы Мейіржан Тұрғанбекұлы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Аудандық соттың бас маман сот-отырысының хатшысы Алма Оразбаева Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықованың «Алғыс» хатымен марапатталды.
Аудандық соттың бас маман сот-отырысының хатшысы Бақытжан Асқарұлы Қалдыбаевқа Жаңақорған ауданының әкімі Р.Рустемовтың «Құттықтау» хаты табысталды.
Жаңақораған аудандық сотының ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріне абырой, табыс тілейді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі


15 желтоқсан 2020 ж. 886 0