№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЕМ БОЛСЫН! немесе қайырлы істің мәні

ЕМ БОЛСЫН! немесе қайырлы істің мәні



Бұған дейін де Айсана қызымызға қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдас­тырып, 1 млн қаржы жинап бергенбіз. Алайда Нұр-Сұлтан шаһарындағы денсаулық сақшылары күрделі отаны шетелде жасамаса, елдегі медицинаның мүмкіндігі қауқарсыз екенін алға тартады. Салы суға кеткен Айсананың ата-анасы көз жасын қыздарына көрсетпей, бар үмітін Алллаға сеніп тапсырып, ауылға қайтады. Кім бауыр етің – баласының көз алдында дем жетпей қиналғанын қалайды? Бәлкім, тағдыр тауқыметі бұл тұстан түгесілмес деген қайсар мінезді ата-ана қоғамдық қорға екінші рет өтініш білдіреді.
«Жаңарған Жаңақорған жастары» қайыр қылсаң, бүтін қыл деген аталы сөзді ұстаным етіп, емге қажетті қаржыны жинауға белсенді кірісіп кетті. Бұл істе «Қамқор» әлеуметтік дүкені мен «Нұрлы Шуақ» ерікті қыз-келіншектерінің еңбегі ерен. Ә-дегеннен Айсананың еміне деп қайырымдылық жәрмеңкесін қолға алды. Таңнан кешке дейін тауар сатып, тиыннан теңге тапты. Сөйтіп, қомақты қаржының басын құрады.
Жігіттер жағы да қарап қалмады. Ерлан Бүркітбаев, Ғазиз Айдарханов бастаған азаматтар футбол мен волейболдан турнир ұйымдастырып, оны қайырымдылық бағытына бұрды. 18 команда 16 мың теңге жарнапұл беріп, қайырымдылық акциясына қатысты. Ал, Арман Мажитов шоу-бизнес өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан Айсананың реквизиті жазылған роликті танымал өнер жұлдыздарының парақшасына салуға назар аударды.
Сауапты істің басты ұйытқысы Наржан Сапарқасымұлына да Алла разы болсын! Бір сөзбен айтқанда, «Жаңарған Жаңақорған жастары» ерікті жастарының барлығы чат пен желі арқылы жан-жаққа таратуға үлес қосты. «Асыл-Ай», «DS», «Ardaq», «Ең сұлу», «Mikobeautystudio» сән салоны 1 күндік табысын Айсананың еміне аударды. «Ақ жол» сауда орталығы да үлесін қосты.
Қысқасы, ел болып, жұрт болып Айсананың Анкарада ем алуына қажетті 5 миллион теңгені ата-анасына табыстады.
Атсалысқан барша жанашыр жандарға Жаратқан жар болсын!
Сәтін салса, 28 ақпанда Алматы қаласына, 2 наурызда Анкара қаласына ұшақпен ұшады.
Жігіттер әуе билетін алып қойды.
Алла шипасын берсін!
Балалар ауырмасын!
Әбдісамат ӘБДІШ
27 ақпан 2021 ж. 606 0