Адасып, аман оралған азаматтар
Қардың қалың жауғанының салдарынан жолдар жабылып, темір тұлпарларды жүргізу қиын болды. Алайда ауылдағы ағайынның аманатын арқалаған іздеуші топ жердегі қалың қарды күреді, амалын тауып іздестіру жұмыстарын жалғастырды. Жол ұзақ, бәрінен бұрын, уақыт тығыз.
Бір күн бұрын кешкі сағат 18.00-ден 50 еңсерген ел ағасы бастаған іні буын УАЗ көлігімен аңшылыққа аттанған-ды. Бірақ қалың қардың кесірінен жолдан жаңылған олар ауылдан алыстап кетеді. Осыдан тура 2 жыл бұрын тауға ертерек көшкен қойшыларды іздестіріп барғанда қардың қаһарын сонда көрген едік. Қойлар аштықтан ішектері қабысып, ажал құшқанын көргенде өте аянышты күйге түскенбіз.
Сонымен не керек арада 6 сағат уақыт өте шықты. Ауыл әкімі бастап, азаматтар тірек болып, сала мамандарының біліктілігінің арқасында жоғалған 6 азамат аман-есен табылды. Адасқандар ауылдан шамамен 30 шақырым жерде «Ханым сай» деп аталатын аумақта қалып қойған екен.
– Мұндай ауа райында аң аулауға шыққанда, әсіресе тау бөктерінде мүмкіндігінше сақ болған жөн. Жолға шығар алдында қалта телефоныңыздың қуатын толтырып шығыңыз. Қайда болсаңызда жақындарыңызды хабардар етіп отырған дұрыс. Өйткені, іздестіру кезінде сәл сеп болады. Қыс айларында адамдардың қауіпсіздік ережелірін сақтамау салдарынан түрлі қайғылы жағдайлар орын алатыны рас. Азаматтар боран, бұрқасын, көктайғақ, және жауын-шашынның мол түсуі кезінде сақтақ шаралары мен қауіпсіздік шараларына қарамайды, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Берікбай Омаров.
Азаматтар табылды, бірақ ауылға қайтар жолда автокөліктердің жоғары шығуы қиындай түсті. Тау бөктерінен 30 метр жердің қарын аршып, жаңадан жол ашуға тура келді. Күректерімен іске кіріскен құтқарушы қауым мен ауыл жігіттері ауылға аман-есен жетеді. Міне, үскірік аяздың қаһарына қарамай, елдің аманатын арқалаған азаматтар мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ерлігі осылай көрінді. Ауылға аман келген азаматтар ауылдастарына, бөлім қызметкерлеріне алғыс айтып, рахметін жеткізді.
Егер қарлы боранда жолда қалып қойсаңыз үрейге бой алдырмаңыз, дейді мамандар. Автокөлікпен жолда қалсаңыз жылы оранып, жанармай үнемдеу үшін көлікті жиі жылытып, әрі автокөліктен жиі шығып тұру керек екен. Өйткені, қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезінде шығатын улы газ өте улы. Тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көретін кезде ешқандай жағдайда мұз бетіне шықпауға кеңес береді. Алайда, балықшылар мұндай кеңеске құлақ асар емес.
– 30 қаңтар күні бөлім қызметкерлері мен №14 өрт сөндіру бөлімінің мамандары Сырдария өзені мен Әлімкөл, Жашы көліне рейд жүргізді. Ондағы мақсат – жазатайым жағдайлардың алдын алу. Қазір су айдындарында мұз жұқарды, қалыңдығы жағалауларында 5-8 сантиметр ғана. Бірақ соған қарамастан тұрғындар көлдегі мұз үстіне автокөлікпен барып, балық аулауын тоқтатар емес. Сондықтан аудан халқына айтарымыз әсіресе, ата-аналарға құлаққағыс болсын, су айдындары мен тау бөктеріне балаларыңызды жібермеуге тырысыңыздар, – деді Б.Омаров.
Қазір дариядан 480-500 куб су өтуде, биыл қар да молынан болды. Енді күн жылынып келеді, қар еріген сайын дария арнасынан асатыны ақиқат. Бұдан бөлек төтенше жағдайлар қызметкерлері жолда қалған 26 адамға көмек көрсетіп, жолдан шығып қалған көліктерге де көмек көрсетті. Жол тазаланып, зардап шекен азаматтар жылы тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл бөлімнің міндеті болғанымен, біз ең алдымен өзімізге сақ болайық. Егерде төтенше жағдайларға тап болсаңыз «112» нөмеріне телефон шалып, көмекке шақыра аласыз.
Әли ТЕМІРБЕК