Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 82

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорғандық жоғалған 6 аңшы жігіт қалай табылды?

Жаңақорғандық жоғалған 6 аңшы жігіт қалай табылды?

22 қаңтар күні, сағат 18.00 шамасында Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылының 6 азаматы тау бөктеріне екі автокөлікпен шығып, із түссіз жоғалған, алайда шыққан бағытын ауыл тұрғындары біледі, бірақ мына боранды түні жол табу өте қиын еді. Әрине тауға жауған қар тізеден жоғары, кез - келген жүк көлігі ол жерлерден жүріп өту мүмкін емес. Кешегі түн шытырманға толы түн болды.


Берік Омаров ағамыз басшылық ететін аудандық төтенше жағдай бөлімі шұғыл түрде Қызылорда қаласынан жол талғамайтын екі жүк көлігін шақырып, түнгі сағат 21.00 шамасында Қаратау бөктеріне қарай жолға шықтық. Іздестіру тобын аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы Елжан Шегебаев басқарды және құрамында төтенше жағдай бөлімінің оннан астам қызметкері, Ақүйік ауылдық округінің әкімі мен ерікті азаматтар бар. Тауға барар қара жол қармен көмілген, ал кейбір жерлерде тіпті жүк көлігінің дөңгелектері түгелімен қардан көрінбей батып қалған кезде үрей пайда болды. Өз міндетін білетін төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері қолдарына күрек алып, қар тазалаумен болды. Таң қалдым, "сен қар күре, мен жаңа ғана күредім" деген әңгімесі жоқ, барлығы бірге өз міндеттерін жоғарғы деңгейде атқара білді.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 8 сағаттан соң яғни бүгін таңғы 06.00 шамасында 6 азаматымыз дін аман табылып, отбасыларына амандықпен оралды. Шүкір Аллаға. Осы ұзаққа созылған түн мен үшін ешқашан да ұмытылмайды. Еңбектері адал төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлеріне өте риза болдым, міне ерлік деп осыны айт.
24 қаңтар 2021 ж. 1 777 0