№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Уақытыңызды қалай пайдаланып жүрсіз?

Уақытыңызды қалай пайдаланып жүрсіз?


Әдеттегідей азық-түлік дүкеніне кіргенмін, жасы өзіммен шамалас келіншекті ұшырастырып қалдым. Қолында пепси-кола мен шемішкесі бар. «Ішім пысып кетті» деді. Таңырқай қарағаным рас. Өйткені, төрт баласы бар келіншектің шақалағынан бөлек балалары мектеп оқушылары. Оқушылардың сабағы бар, үйдің тірлігі бар қалай уақыт табатынына таң қалдым. Іле-шала «Қалай, уақыт табасың?» дедім. Ол балалардың сабағын оқытудан жалыққанын, телефондағы әлеуметтік желіден де, теледидардағы кинодан да мезі болғанын айтты.


Осы диалогтан кейін шынында да уақытты жеткізе алмайтындар мен босқа өткізетіндерді саралап көре бастадым. Тепсе темір үзетін жастағы көп жігіттің түнде қыдырып, күндізгі уақытын ұйықтаумен өткізетініне аналары жиі шағымданып жатады. Табыс таппай, құр сенделіп әкесі мен анасының тапқанына қыдырып жүрген баланың мақсаты мен арманы жоқ па дерсің?! Мұны неге айтып отырмын? Көршіміз Ержан ертемен тұрып, малына қарап, жұмысына барып, түскі ас уақытында уақытын үнемді пайдалану үшін түстен кейінгі атқарылатын шаруасын реттейді, кешкісін жұмыстан ерте қайтуға тырысады. Кешкі 5-тен түнгі 12-ге дейін тағы қосымша орталықта 7 сағат жұмыс істегеніне 3 мың теңге алады екен.
Осылай уақытын құр жібермейтін Ержан демалыс күндері көлігімен адам тасиды. Бірде көлігіне отырған маған «Әпке, кейінгі кездері телефонға көбірек үңілетін болдық. Балаларым да бұрынғыдай алдымнан шықпайды. Телефонға телміреді де отырады» деді. Бұл тек бір ғана отбасындағы мәселе емес екені аян.
Бүгінде фейсбук, инстаграм сынды әлеуметтік желілерге уақытының көп бөлігін жұмсап отыратындар да жетерлік. Кейбірі уақытын зая кетіріп, бос сөз, кері пікір жазатындар қатарынан болса, бірі пайда тауып кәсібінің көзіне айналдырғандар. Біз білетін түркімен заттарын сататын Айнұр да әлеуметтік желінің игілігін көріп отырған жан. Ол бір жылдың ішінде желі арқылы тауар сатуды жолға қойып 1 миллионға дейін табыс тапқан.
Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желінің де залалы жетерлік. Уақыт – Жаратқанның адамға берген ең үлкен байлығы десек, босқа кеткен уақытыңды ешнәрсемен толықтыра алмайсың. Десе де бүгінде әлеуметтік желіге тәуелділік артып барады. Оған қоғамның да ықпалы бар. Сағаттап телефонға үңіліп сабақ оқитын оқушы мен жұмысбасты ата-ананың арасында байланыс азайып барады.
Оған мысал, жақында ғана үздік оқушының сыныптастарына үй жұмысын 200 теңгеге саудалап жүргенін ата-анасы білмейтін болып шықты. Интернет желісіне кіру үшін пайдаланатын қажет мегавайтты жеткіншек осылай тауып отырған. Еңбектеніп ақша тауып жүрген бұл баланың әрекеті дұрыс-ақ делік, ал дайын есепті екі жүз теңгеге сатып алып, жан ауыртпай көшіріп отыра беретін оқушы білімнен мақұрым қалмайма?.
Бақпасаң бала кетедінің өзі. Иә, ара салмағы әжептәуір түрлі мысалды айтқанымен алтын уақытты адамдардан аулақта, әлеуметтік желінің ішінде өткізетіндер көбейіп барады. Әңгімесінің арасында әлеуметтік желідегі мысалдарды қосып сөйлеп, ортада қолайсыз жағдайға тап болып жататындарды да көріп жүрміз.
Қалай десек те, кез-келген нәрсені шекпен пайдаланған жөн-ау.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА.
13 қаңтар 2021 ж. 730 0