№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғибратты оқиға

Ғибратты оқиға



Кеше мен өз көлігімде досымды күтіп отырғанмын.... жасы шамамен 10-12де болуы керек... қолында шөлмек пен майлық бар бір балақай отіп бара жатып тоқтай қалды.... 
Маған жақындап... 
-Ағатай көлігіңіздің дөңгелегін жуып берейінші.... бергеніңізді аламын, Маған ақша өте қажет болып тұр,-деді... 
Түріне қарасам қайыршыға ұқсамайды.... қалтамнан 50 теңге алып ұсындым... 
Ол алмады.... 

-Маған сіздің садақаңыздың қажеті жоқ, мен қайыршы емеспін, -деп, балақай теріс бұрылып кетіп бара жатты.... 

Мен бір түрлі болып қалдым.... оны кері шақырдым.... 

-менің көлігімнің терезесі мен шамын сүртіп берші, өтініш..- дедім, мен оған жылы көз қараспен.... 
- менің бұл майлығыммен дөңгелек пен дөңгелек дискісін ғана сүртемін, сіздің көлігіңіздің әйнегін сызып, жарақаттауы мүмкін.... 
-жарайды, онда көлігімнің дөңгелегін сүртіп берсең болады, дедім.... 
Ол жұмысына кірісті.... мен жаймен оны әңгімеге тарттым.... 
Балақай әкесінің қайтыс болғанын, ал анасының қазір ауырып қалғандығын, бірнеше айдан бері жұмысқа шыға алмай жүргендігін айтты.... міне сондықтан да күнделікті жейтін тамақ пен анамның дәрі- дәрмегін алуға ақша тауып жүрмін деді.... 

-мен қайыр сұрамаймын.... денсаулығым бар, аяқ- қолым сау... ер азаматпынғой.... қолымнан келгенін жасап.. ақша табуға тырысып жүрмін.... күндіз мектепте, ал кешке аз да болса нәпақа табуға шығамын.. кейде дүкендердің қоқысын шығарамын.... ұсақ -түйек жұмыстар жасаймын.... 

Бала жұмысын аяқтаған соң, мен қалтамнан1000 теңге алып, оған ұсындым.... ол алмады.... 

- мына ақшаңыз көп, мен соншалық ештеңе жасаған жоқпын,-деп, қарап тұр.... мен таң қалдым..... 

Оның еткен еңбегі одан да жоғары тұратынын айтып, әрең дегенде ақшаны алғыздым.... 

Ақшаны алып, рахметін айтып, коштасып басқа көлікке қарай бет алды.... 
Артынан ұзақ қарап тұрып ойға қалдым... Осындай ер азаматты тәрбиелеп, өсірген анасына алла тағаллам денсаулық пен ұзақ ғұмыр берсін.... тез жазылып, тұрмыстары түзеліп кетсін,-деп, іштей тілек тіледім... 
Әлемдегі әр баланың балалық шағы қолына майлық ұстап, көліктің дөңгелегін тазалаумен емес, колына ойыншық алып, доп теуіп асыр салып, еш нәрсеге алаңсыз өтуі тиісті....
27 мамыр 2019 ж. 969 0