№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!


Конституция – барша табыстардың бастауы, тұрақтылық пен татулықтың тұғыры. Оны құрметтеп, қорғау әрбір қазақстандыққа міндет. Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Конституция күні аясында мазмұнды шара өтті.


Алғы сөз алған аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы:
– Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Тәуке ханның Жеті жарғысын ерекше қастерлеген қазақ халқының заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысын көруге болады.
Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халықтың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады.
Қазақстан тұтас құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жүйені қалыптастырып, жан-жақты жаңғыру жолына түсті. Мақсат – озық отыз елдің қатарынан көрініп, бәсекеге қабілетті, санасы жаңғырған ұлт қалыптастыру, Бұл жолда жаңақорғандықтар еселі үлес қоса алады, – деді.
Құттықтаудан соң марапаттау рәсімі орын алды. Онда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері медалі» ардагер журналист Ерубай Қалдыбекке, «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хаты» Бесарық клуб үйінің директоры Жәнібек Сыздықовқа берілді. «Қызылорда облысының Автокөлік саласының құрылғанына 80 жыл» мерекелік медалі кәсіпкер, меценат Әбдіхан Шайховқа, облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» аудандық емхана меңгерушісі Сәкен Үсейіновке, облыс әкімінің «Алғыс хаты» аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Бибайым Нәлібаеваға, аудан прокуратурасының аға прокуроры Бағдат Жүсіпбековке, №11 «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Нұргүл Жұмашеваға, №163 орта мектебінің логопед маманы Толқын Абдрахмановаға табысталды.
Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» аудандық кітапхананың директоры Әсемкүл Манапқызы, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен» Әлшекей атындағы аудандық өнер мектебінің директоры Қалдыбай Шілтенұлы, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Мұхтарұлы, «Алпамыс» бала-бақшасының меңгерушісі Дина Садыққызы марапатталды.
Ал аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен Күкірт қышқыл зауытының дәнекерлеушісі Марат Өмірәлиев, «Алғыс хатымен» аудандық мәслихат аппаратының маманы Айдана Нұрғалиқызы, ауданаралық аурухананың дәрігер-инфекционисі Мерей Сейдахметұлы, кент әкімі аппаратының бас маманы Бақытжан Құсанұлы, кент әкімі аппаратының іс-жүргізуші әдіскері Айгүл Серікбайқызы, аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Кенжебек Мұханбетұлы, күкірт қышқыл зауытының аппаратшысы Баймахан Батырханұлы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Жаңақорған ауданына жауапты несие менеджері Үкібай Барақбайұлы марапатталды.
Шара барысында ҚР Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығына сай «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның Заңын іске асыру мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Сунақата ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы заңгер Нұржан Мұзаффаров пен Қыраш ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Ақнұр Ыдырысова ант қабылдады. Кеш соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, отшашумен аяқталды.
Иә, Ата Заңды құрметтеу баршамыздың міндет, парызымыз. Сөз бостандығы, дінге, ұлтқа деген құрмет біздегі үлкен жетістік. Қазақ елінің қарыштап дамуына да осы аталған бағыттар септігін тигізуде. Демек, Конституцияның өміршеңдігі осындай қадамдардан басталады.

Лаура БИБАСАРОВА
03 қыркүйек 2019 ж. 841 0