» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз

16 желтоқсан – қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі.
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары
Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
Халқымыздың бостандыққа деген берік сенімі мен ұлылық салтанат құрған бұл мерекеде біз қазіргі егемен Қазақстанның негізін қалаушыларға шексіз алғыс білдіреміз. Әрбір азамат үшін бұл бірлік, ынтымақ, достық пен Қазақстан қоғамының барлық салада алға басуын білдіретін жарқын мейрам екені сөзсіз.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз.
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
15 желтоқсан 2020 ж. 488 0