№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Дәрігер дәруменді шамадан тыс қабылдау қауіпті екенін айтты

Дәрігер дәруменді шамадан тыс қабылдау қауіпті екенін айтты


Қазіргі уақытта адамдар иммунитетті нығайту үшін поливитаминдерді жаппай сатып алуда. Алайда маман жеміс-жидек, көкөніс және сапалы азық-түлік жейтін адамдар үшін мұның қажеті жоқ деп отыр. "Дамыған елде дұрыс тамақтанатын адамда дәрумен тапшылығы болмайды. Өйткені витаминдердің бәрі дастарқанымызда. Бірақ көптеген өңірлерде 3 жасқа дейінгі балаларға D дәрумені тапшылығы байқалады. Сондықтан "Йодомарин" сынды витаминдер ішуге тура келеді", - деді дәрігер.  Оның айтуынша, дәруменді қабылдауды арттыру гипервитаминозға әкеліп соғуы мүмкін. Ол дәрумен тапшылығына қарағанда, әлдеқайда қауіпті. "Поливитаминдер дәрі емес, биоқоспа ретінде тіркелген. Ал статистикаға сәйкес, бауырдың зақымдануының төрттен екі жағдайы дұрыс сертификатталмаған "БАД" қолданумен байланысты", – деді Бессмертный.
22 қараша 2020 ж. 798 0