№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Иммунитет - қорғаның

Иммунитет - қорғаның



Дәл қазір тәжвирусы әлем тұрғындарының үрейін алып тұр. Осындай кезде иммунитетті арттырудың жолдарын іздейтініміз рас. Мұның жөн-жобасын аудандық аурухананың терапевт дәрігері Ғалия Кадировадан сұрадық.
– Коронавирустың әзірге нақты емі табылған жоқ. Сондықтан вирус жұқтырмаудың қамын жасаған жөн. Көктем келгенде адам ағзасы онсыз да әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет ететіні белгілі. Мұндай кезде түрлі табиғи витаминге, минералдық заттарға бай және құрамында көп мөлшерде темірі бар тағамдарды тұтынуға кеңес беремін. Әсіресе жылқы етін жеп, қымыз, шұбат, құрт сынды ұлттық тағамдарымызды тұтынған жөн. Иммунитетті көтеруге қышқыл сүт тағамдары, айран пайдалы. Құрамында Е витамині бар цитрустық жемістер, ананас, зімбір, лимонды көбірек тұтыну қажет. Себебі әрбір адамға денсаулығын сақтауда иммундық жүйені нығайту маңызды, – деп бастады әңгімесін ол.
Адамның иммунитеті пайдалы ұйқының, жаттығу мен үйлестірілген тағамның арқасында сақталады. Білікті дәрігер осыны тарқатып айтып берді.
– Ал темекі мен алкоголь иммунитетті әлсіретіп қана қоймай, оны өлтіреді. Күйзеліс те иммунитетті төмендетеді. Әлсіреген ағзаның иммундық қабілетін қалпына келтірудің екі жолы бар – біріншісі, табиғи тағаммен, екіншісі, түрлі дәрі-дәмекпен жүзеге асады. Яғни иммундық жүйені нығайту мультивитаминдік кешендердің көмегімен толықтыруға болады. Бірақ витаминдер мен микроэлементтерді табиғи түрде алған жөн. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану да маңызды, – деді терапевт дәрігер.
– Баланың иммунитетінің әл­сіздігін қалай білуге болады?
– Мұндай балалар жылына бес рет немесе оданда көп тұмауға шалдығуы мүмкін. Тамаққа тәбеті төмендейді. Мұны көп ата-анал ар баланың «еркелігімен» шатастырып алып жатады. Қан аздығына мән бере бермейді. Жалпы иммунитет іштен туа пайда болады. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін ағзаның қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді. Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
– Иммунитетті түзеуде көбіне қандай тағамдарды ас ретінде тұтынған дұрыс?
– Кальцийге бай өнімдер, яғни – картоп пен өрік, жаңғақ пен қарақұмық. Сүт тағамдары, төрт түліктің етін, балық және теңіз өнімдерін қолданған дұрыс.
ТҮЙІН. Ғалымдар иммунитеті мықты адамға коронавирус қауіпті емес дегенді алға тартуда. Расында иммунитеті әлсіз адам әртүрлі инфекциялық ауруларға шалдығуға бейім келеді. Сондықтан адам организмін сыртқы ортадан қорғайтын иммундық жүйесіне мән беру маңызды.
Мақпал МАРҚАБАЙ
01 сәуір 2020 ж. 764 0