№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бабамыз Еуразияны билеген...

Бабамыз Еуразияны билеген...

Бірінші мысал, орта жасты алқымдаған көршім: «бізді адам қатарына қосқан орыстар. Кеңес өкіметі болмағанда бізде қала болар ма еді? Егер де олар қазаққа әліпби жасап, ілім үйретпегенде бүгін сауатты болар ма едік?», – деп әңгіме соғып отыр.
Екінші мысал, бір танысым: «22 жылда жеткен табыстың бір сыры еліміздегі орыстардың арқасында. Егер олар болмаса қоғам жемқорлыққа белшесінен баяғыда батып, құрушы еді», – деп қазаққа өкпе-ренжісін айтты.
Бүгінде осы тектес ойларды қолдап, қуаттап жүргендер аз емес.
Ендеше осындай ойлардың жетегінде жүрген, құлдық санадан әлі арыла алмаған үлкен буынға айтар датымыз...
Біріншіден, қазақ сахарасында орыстар қала салғанға дейін сәулеті келіскен орталықтар болған. Егерде ондай қалалар болмаса Түркістанның 1500 жылдығы мен Тараздың 2000 жылдығын тойламас едік ғой!? Аудан аумағындағы Сығанақ, Өзгент қаласында өркениеттіліктің лебі еседі. Оны шетелдік тарихшылар мойындайды.
Кезінде әлемдегі ең бай кітапханасымен ерекшеленген Фараб қаласы мен қазақтың ордасы болған Сығанақ, орталықтандырылған су жүйесімен қала қонақтарын қызықтырған Сайран және т.б. Ұлы Жібек жолы бойында болған ондаған қалаларды тізіп шығуға болады.
Демек, қазақта қала болған. Оны әсте, жоққа шығара алмаймыз. Егерде оған сенбесек, тарихқа қиянат жасағанымыз болмай ма?
Екіншіден, Кеңестік билік латын, сосын крилица әліпбиін енгізгенге дейін аталарымыз ғасырлар бойы арап қарпімен хат танып келгенін тарихтан білеміз. Егерден оның тарихын терең қазбаласақ, таңбалы тасқа да таңба қалдырдық.
Күлтегін ескерткішіндегі сырлы да мәнді баба аманатын қайда қоямыз?
Орыстар Х ғасырда Балқан елдерінен көшіріп алған крилица әліпбиінің 1000 жылдан асса, Орхан-Енесей жазбаларына жататын ІХ ғасырға тиісілі жазулар Меркеде және т.б. жерлерде табылды (Әлгі жазулар құмыраларда т.б. заттарға жазылған. авт.). Демек, дұрыс тұжырым жасамайтындығымыздан және құлдық санадан әлі арыла алмай отырғанымыздың себебінен осы күнде 1500 жыл бұрын жазу болғандығын мойындағымыз келмейді.  
Үшіншіден,Тәуелсіздік жылдары жеткен табысымызға ешкім таласа алмас. Бұл – Алланың бізді пәле-жаладан аман сақтауы, сосын – Елбасы Н. Назарбаевтың іскерлігі мен көрегендігінің арқасы.
Қазақ өзгесіз де (түрлі ұлт өкілдері) ел болып, Еуразия даласына билігін жүргізген кезінде. Сол себепті, түрлі ұлт өкілдерінсіз өміріміз қараң деген ойды тоқтату керек. Сөз жоқ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, елдегі түрлі ұлт өкілдері қоғамның байлығы. Дегенмен «өзімізді» (қазақты) кемсіте беруді қоятын кез келді.
ТҮЙІН. Біз келтірген мысалдарды сала мамандары басқаша түсіндірер. Бірақ, біз түйген пайымдарды осылай кестеледік. Бәлкім осы уәждер болмысыңыздағы құлдық санадан арылтар. Кім білсін?
08 сәуір 2018 ж. 667 0