№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдаудың басты артықшылығы

Жолдаудың басты артықшылығы

Елдің өркениеті мен мәдениеті, әлеуметі мен экономикасына жауапты сала мамандардың бағыт-бағдары жүйелі болуы іргелі істерге бастайды. Бұл ретте сыбайластық жемқорлық әрекеттеріне жол берілмеу керек.
Президентінің жаңа Жолдауында осы бағытта нақты тапсырмалар берілді. Жалпы халықтың көңіл төріндегі көрікті ойларымен жымдаса қабысып жатқан жобалар айқындығы, Жолдаудың басты артықшылығы – осы, яғни, елдің талап-тілегімен үндестігі.
«Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, ква­зи­мемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсіру керек. Оларды сатып алуларды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керек» – деді Президент.

Мұның астарында ең бірінші сыбайластыққа жол бермеудің, оны алдын алудың алғы-шарттары жатыр. Сондықтан Жолдау жүгіне салғырт емес, сауаттылықпен, жауаптылықпен қараған жөн. Бұл жөнінде түрлі бас қосулар, ұжымдық жиындар жиі өткізіледі. Яғни түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жоспарлы межелер талқыланып жатады. Өзім қызмет ететін мекемеде жемқорлықтың алдын алу бағытында қызметкерлер арасында тұрақты түрде түсіндірме жұмысын жүргізіп, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып келеді. Осы бағытта күресте жүйелей алсақ қана кеселдің жолын кесе аламыз...
Қысқасы, жаңа Жолдауды жағымды бастамалар жиынтығы ретінде қабылдауға толық негіз бар. Оның жүйелі жүзеге асырылуы – елдің ертенгі күні кемелдене түсуінің кепілі.

Гүлнар САРКУЛОВА,
Жаңақорған аудандық қазынашылық
басқармасының бас маманы, бас қазынашысы
30 қазан 2020 ж. 350 0