«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қоғамдық мониторинг нәтижелері талқыланды

Қоғамдық мониторинг нәтижелері талқыланды

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін атап өтті.Бұл тұста, мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтере отырып, бизнес пен халыққа жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну - бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Осыған орай, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген болатын. Мониторинг қорытындысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) отырысында талқыланды.
Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында жүргізілген мониторинг қорытындысын ВАЖТ мүшесі Ләззат Бақтыбаева баяндап, анықталған кемшіліктерге тоқталды.
«Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет алушыларды электрондық кезекке қою жүйесі болғанымен, іс жүзінде тізілім қолмен қағазға жазылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтаға арналған сыртқы есік бекітіліп, қызмет көрсету залында мүгедектерге қызмет көрсететін арнайы терезеге белгі орнатылмаған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышындағы жалғыз компьютердің өзі принтермен жабдықталмаған және компьютерге пароль орнатылуы қызмет алушыларға қолайсыздық тудыруда», - деді Л.Бақтыбаева.
Ал, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының Мамандандырылған бөлімінде жүргізілген қоғамдық мониторинг жұмыстары туралы ВАЖТ мүшесі Серік Теңізбаев баяндады. Атап айтқанда, көлікті есептен шығару кезінде көлік салығы жалпы көрсетілетіндігі, оның қандай көлікке екені белгісіз екендігі, бір қызмет алушыда бірнеше көлік болуы мүмкіндігі айтылды. Мамандандырылған бөлім мен мемлекеттік кірістер органы арасындағы салық берешегін көрсететін ақпараттық база интеграциясы дұрыс еместігі сынға алынды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бөлім сыртындағы және ішіндегі жолақтар, жүру жолдары бойынша сын-ескертпелер жасалды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған бөлім ғимаратында төлем терминалдарының болмауы, мемлекеттік кірістер, әкімшілік полиция қызметкерлерінің және нотариустың жоқтығы қызмет алушыларға қолайсыздық тудырып жатқандығы тілге тиек етілді.
ВАЖТ отырысының қорытындысымен көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар жинақталып, хаттамамен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға және жұмыс тобының мүшелеріне жолданатын болды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру жұмыс тобының мүшелері тарапынан бақылауда болатыны ескертілді.

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
09 қазан 2020 ж. 363 0