Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма – вирусолог жауап берді
Қыстыгүні пайдаланатын кәдімгі қолғап медициналық қолғап сияқты коронавирусты жұқтыру қаупін төмендетеді. Алайда COVID-тің заттар арқылы қалай таралатыны түсініксіз болғандықтан, мұндай қолғаптардың адамды қаншалықты деңгейде қорғайтынын дөп басып айту қиын.
Бұл туралы Сеченов университетінің медициналық паразитология, тропикалық және трансмиссивті аурулар институтының директоры, академик Александр Лукашев айтты.
Бұған дейін Ресейдің бас инфекционисті Владимир Чуланов қолғап пен антисептикті дұрыс пайдаланған жағдайда инфекциялық аурулардың алдын алуға болатынын, алайда матадан жасалған қолғапты жиі қолданса, керісінше, вирус жұқтыру қаупі артатынын айтқан. Академик Александр Лукашев те осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.
Қолғап инфекцияның жұқтыру қаупін төмендете алады. Сондықтан резеңке қолғап киюдің қажеті жоқ. Көлікпен жүргенде матадан жасалған биялай болсын, кәдімгідей қыста киетін былғары қолғап болсын, екеуі де вирусты жұқтыру қаупін азайтады деген академик, қолғапты мұрынға тигізгенде оның ешбір көмегі болмайтынын айтады.
Sputnik Қазақстан

«Сондай-ақ вирустың заттар арқылы қалай таралатыны түсініксіз болғандықтан, қолғаптың адамды қаншалықты қорғайтынын дөп басып айту қиын. Демек, бұл мәселені заңмен реттеудің ешбір себебі жоқ деп ойлаймын», – дейді Лукашев.
Sputnik Қазақстан