Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Тыйым» сөзде тәлім мол

«Тыйым» сөзде тәлім мол

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесінде «тыйым» сөздерді сәтімен қолданып, отансүйгіш азамат қалыптастыруға күш салды. Яғни, «Ұлды отыз үйден, қызды қырық үйден тыйып» өреңдерге өнегелі тәлім берді. Бұл – балаларға «жаман әдеттен жирен» дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатында шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Яки, осындай тыйымдар арқылы теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырды. Бірақ, қазір мұнын мәнін түсініп жүрміз бе? Жалпы, «отыз үйден тыю?» – деген не нәрсе? Осыны талдап, таразыға салған едік...
Ант ішіп әбес сөйлеме.
Аманатқа қиянат жасама.
Арыңды сатпа.
Арамтамақ болма.
Әлсізге күш көрсетпе, зәбірлеме.
Бейуақытта жылама, ұйықтама, босағаны көрме.
Бөркіңді теріс киме.
Біреуге жамандыық тілеме, біреудің еңбегін, ақысын жеме.
Дүниеқор болма.
Ердің сөзін екі етпе.
Еңбектен қашпа, еріншек болма.
Зорлықшыл болма, зинақор болма.
Жақсының жолын кеспе.
Жала жаппа.
Жаман жерді баспа.
Опасыз, өзімшіл болма.
Өтірік, өсек айтпа.
Өлген адамды тілдеме.
Сабырсыз болма.
Тұзды баспа.
Көптің жолын кеспе.
Кісі мініне күлме.
Қабірді баспа.
Қызғаншақ болма.
Намысыңды таптама.
Наданмен дос болма.
Үлкеннен бұрын сөйлеме.
Шақырмаған жерге барма.
Ысырапқор болма.
Рухыңды түсірме.
ТҮЙІН. Жалпы, жас өреңдерге өнегелі өнеге беретін өрімді ойлар мұнымен шектелмейді. «Адамға қару, мылтық кезенбе», «Әдепсіз болма», «Халқыңды жамандама», «Өтірік куәлік берме», «Дұшпанға сенбе, жалынба» т.с.с тыйым сөздерді бала тәрбиесінде қолдануға болады. Ең болмағанда, «жаман болады», «ұят болады», «обал болады» тәлімін жастардың бойына сіңірсек, жақсы мен жаманның, қара мен ақтың ара-жігін ажыратуға үйретер едік. Бір сөзбен айтқанда, «тыйым» сөзде тәлім мол.
   
22 қазан 2020 ж. 430 0