Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған жүргізуші жазаға тартылды

Көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған жүргізуші жазаға тартылды


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-тармағының 4.2) тармақшасының талабына сәйкес жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.
Алайда осы заң талаптарына қарамастан, қазіргі қоғамда кеңінен орын алып отырған келеңсіз жайттардың бірі-бұл жүргізушілердің көлік құралын алкогольді масаң күйде басқаруы, олардың жол қозғалысының ережелерін бұзып, жол көлік оқиғасын жасап, нәтижелерінде жәбірленушілердің мүлкін бүлдіруге немесе денсаулығына зиян келтіруге, жекелеген жағдайда кісі өліміне әкеліп соқтыратын әрекеті.
Жаңақорған аудандық сотында азамат К. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Істің мәні бойынша, жүргізуші К. 2020 жылдың 1қазанында Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында көлік құралын алкогольді масаң күйінде басқарған. Оның бұл әрекеті өзінің мойындауымен қатар көлік құралын ұстау, басқарудан шеттеу актісімен, мас болу фактісін медициналық куәландыру қортындысымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен дәлелденген.
Сот қаулысымен өзіне қатысты іс жргізіліп жатқан тұлға К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алына отырып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Әрбір көлік тізгінін қолына алған жүргізуші өзінің ғана емес, басқа да жол жүрісіне қатысушы адамдардың өміріне жауапты екенін терең ұғынып, көлік басқаруда ұқыптылықпен қарап, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды, жүргізуші мәдениетін қалыптастыруды жолға қоюы қажет деп санаймыз.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
22 қазан 2020 ж. 378 0