№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайтарымды несие – қайтарылуы тиіс

Қайтарымды несие – қайтарылуы тиіс


«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру мақсатында пайызсыз несие берілуде.

Бағдарлама аясында әлеуметтік қолдау шараларының қатарында тұрғын үй алуға 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік несие қарастырылған.
Аудан бойынша бағдарлама аясында 2010-2018 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несиені 629 жас маман алған. Өкінішке орай, бұл жеңілдіктерді пайдаланған азаматтар өз міндеттеріне жауапсыздықпен қарап, бюджет қаражатын уақытылы төлемеуде.
Бүгінгі күні прокуратураның қадағалау актісімен 10 млн теңге қаражат мемлекетке өндірілді. Бұл ретте азаматтарға ескерту хаттары беріліп, өз міндеттерін тиісінше орындамаса, сотқа талап арыз беріледі.
Тиісінше соттың атқару парағы негізінде несие берешегі жеке сот орындаушыларымен мәжбүрлі түрде өндіріледі.
Сондықтан, әрбір несие алған азамат әрекетінің құқықтық салдарын түсініп, несиені төлеу жөніндегі міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Жаңақорған аудандық прокуратурасы
19 қазан 2019 ж. 714 0