№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Күйзелістің денсаулыққа зияны көп. Арылудың жолы оңай

Күйзелістің денсаулыққа зияны көп. Арылудың жолы оңай

Күйзеліс  күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бәріміз де білеміз. Болмашы  нәрсеге күйгелектену- жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді  қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді.
Күйзелісті  жағдайда бүйрек  бездері қанға қуатты  гармондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын  көтереді, тамырдың соғысы  мен  тыныс  алуды  жиілетеді, бұлшық  еттері  тартылады, бауыр  қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның  есте  сақтау  қабілетін әлсіретеді, тез  шаршап- шалдығатын  күйге  түсіреді, неше  түрлі  ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшық  еттерінің босаңсып, бастың ауыруы, жыныстық  дәрменсіздік пен  тері  ауруының  мазалауы да  сары  уайымнан  арыла  алмаудан болады.
Күйзеліс кезінде  ағзадағы  дәрумен  жедел  жойылады,кейін  орнын  толтыру  қиынға  соғады.
Осы қысымнан арылу үшін бұлшық  етке дұрыс  жаттығу жасай білу қажет.
 
3. Бойдағы  күйзелістен  арылуға арналған  жаттығу кешені .(10мин)
Мойын-  Арқаны  тік ұстап, төбеден  ілгекпен  тартып  жатқандай  мойынды  барынша созу. Енді  ілгектен  төмен түсіріп жібергендей, бірден босаңсыту.
Арқа- Екі   жауырынның  арасын  жақындатып, өзіңізді  киім ілгіште ілініп  тұрғандай  сезіну. Екі  жауырынның  арасын  барынша жақындату. Бірден босаңсу.
Іш- Мұрынмен  өкпені  ауаға  толтыру, іштің  көлемінің  үлкеюіне жол бермей тартып ұстау. Ауаны  ауыз арқылы сыртқа  шығару кезінде ішті де босаңсыту.
Қол- Алақанның  қырымен  қатты затты  ұрғылау. Каратэ  шеберлері  осы әдісті  жиі пайдаланады.
Саусақ-  Екі  қолымызды  алдыға созып, алақанымыздағы  лимонды  сығып, шырынын   шығару  керек  деп  елестету. Алақанды  қысуды барынша  күшейтіп, бірден  тез  босаңсыту керек.
Аяқ-   Отырған  қалыпта  аяқтың  ұшын  барынша  алдыға  созу. Барынша  қатты созу. Бірден  төмен  босаңсыту.
Ескерту:  Әр  жаттығуды  3  реттен  жасау керек. Міне  осындай  жаттығулардан кейін  көңіл- күйді  сергітіп , жақсы психологиялық қалыпты сақтауға тырысыңыз.
Сіздің  өміріңізде  қандай  жағдай  болғанда да, сабырлы болып, жүйке мен жүрекке салмақ салмауға тырысыңыз. Бәрі де уақыт еншісінде, уақыт емші.
Көңілді, күліп жүруге тырысып, дағдыланыңыз.
Сізге қамқор жанашыр жандар әрдайым қасыңыздан табылады.
Жақынымызға жанашыр болайық, ағайын!
 
 
Гүлзипа  САРБАСОВА,
Жаңақорған аудандық  емхана психологы
15 қазан 2020 ж. 1 118 0