Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 15 қазан қандай күн?

15 қазан қандай күн?

Ең бірінші бұл күн кітапханашылар күні деп аталып кеткен. Иә, адамзатты рухани байытып, ілім мен білімге сусындатар ұлы мамандықтың иесі болса, олар әрине кітапханашылар. Ұстаздан кейінгі төрдің иесі, кітап әлемінің әміршісі саналған кітапхнашылардың қызметі қашанда үлкен мәнге ие. Сондықтан қызметшілрді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
Әлем күтізбесінде 15 қазан – қол жуу күні.
БҰҰ мен Дүнижүзілік денсаулық сақтау сарапшылары атап өткендей, қол жумау проблемасын әлемдік ауқымда қарастыратын болсақ, мұның салдары өте ауыр. Қолдың кірі арқылы тырысқақ, вирусты пневмония, гепатит, тұмау және ЖРВИ секілді қатерлі аурулардың қоздырғыштары адам ағзасына түседі. 
Азия мен Африкада балалардың басым бөлігі қолды жумай тамақ ішкеннен көз жұмады екен. ЮНИСЕФ ақпаратынша, күн сайын бес мың бала диареядан өледі. Себебі балалар тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейн қолдарын мүлде жумайтын көрінеді. 
15 қазан, сондай-ақ, "Ақ таяқ" күні ретінде танымал. Бұл дата адамдарға қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар да өмір сүретінін еске салады. Ақ таяқтың  пайда болу тарихы бар. 1921 жылы Бристольдің жас фотографы жазатайым оқиғадан кейін көру мүмкіндігінен айырылады. Алайда ер адам үмітін үзбейді, таяқтың көмегімен өз бетінше қалада жүріп-тұруды үйренуге бел буады. Бірақ көп ұзамай ол көшедегі адамдар оның қара таяғына назар аудармайтынын түсінеді. Осыдан кейін ол өзінің "көмекшісін" ақ түске бояуды өтінеді. Фотографтың бұл ойы өзіне ғана емес, бүкіл Еуропа, Америка мүгедектеріне көмектесті. 
Сондай-ақ бүгін Халықаралық ауыл әйелдері күні аталып өтеді. 

15 қазан 2020 ж. 707 0