№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ...Қызметкерлерге сыйақы тағайындалды

...Қызметкерлерге сыйақы тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды рөлге ие бірқатар міндеттерді атап өтті. Мемлекет басшысының ел халқының еңсесін көтеріп, тұрмыстық өресін көтеру мақсатында кәсіподақ ұйымының алдына қойған мақсат-міндеттері көп көңілінен шыққаны белгілі.

«Жаңақорған шипажайы» АҚ атаулы күнге орай шара ұйым­дастырды. Жиынды ашқан «Жаңақорған шипажайы» АҚ-ның басқарма төрағасы Бақыт­жан Абдуллаев бұл күннің маңыздылығына тоқталып: – Бұл күн әрбір еңбеккердің мейрамы. Әрбір ұжымда еңбеккерлердің рөлі маңызды, еңбек адамының күш-жігерінің арқасында ұжым да халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Бұл жайлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық кәсіподақтар – тұрақтылық тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі болып табы-латындығын айтып келеді, – деді.
Мереке аясында Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Дау­лет­­алиннің «Алғыс хаты­мен» және аймақтық салалық кәсіп­одақ жұмысының жақсаруына қосқан елеулі үлесі үшін және ҚР Кәсіподақтар федерациясының 30 жыл толуына байланысты дәрігер-эпидемиолог Мөлдір Исламова, мейірбикелер Мөлдір Тұрсынбаева, Айгүл Кадирова, Ұлбике Өмірзақова және аспазшы Маржан Айдарбекова марапатталды. Ал облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың «Алғыс хаты» Гүлмира Аширбековаға табысталды.
Сондай-ақ шипажайдың басқар­ма төрағасы Бақытжан Амангелдіұлы шипажайда жұмыс жасайтын 33 көп балалы анаға, ҚР жалақының ең төменгі мөлшерінің екі еселенген, яғни 85 000 теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіліп және әр туылған балаға бір жолғы әлеуметтік көмек шипажай есебінен берілетінін жеткізді.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 қазан 2020 ж. 333 0