№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қысқаша тұйықталу

Қысқаша тұйықталу


     Қысқаша тұйықталу - электр тізбегіндегі потенциалы әр түрлі нүктелердің мейлінше аз кедергі арқылы өзара электрлік жолмен байланысуы. Қысқаша тұйықталу электр қондырғылары изоляцияларының бүлінуінен, тоқ жүретін бөліктерінің бір-бірімен немесе жермен тікелей, не болмаса өткізгіштер арқылы тиіп жанасудан болады. Тұрғындар тұрғын үйлерде тоқ көзіне бір мезгілде шамадан тыс электр құралдарын қосқан кезде,  сымдар қатты қызып,  жалғап тұрған оқшаулағыштар жанып кетуі оқиғалар көбеюде. Тізбектегі тоқ күші мүмкін болатын шамасынан артып кеткенде, қысқа тұйықталу пайда болып, арты өрт оқиғасы орын алуда. Сонымен қатар жаңадан салып жатқан тұрғын үйлерде  электр сымдарын дұрыс жүргізбеу мен сапасы төмен электр сымдарын пайдалау соңы төтенше оқиғаларға алып келуде.
         2019 жыл аудан көлемінде тұрғын үй секторында  28 өрт орын алса, 14 өрт оқиғасының яғни 50 пайызының  шығу себебі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан орын алған.
 Жыл басынан бері аудан көлемінде тұрғын үй  сектеорында 31 өрт орын алса, 7 өрт оқиғасының, яғни 22 пайызының шығу себебі электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан орын алып отыр.
 Тұрғын үйлерде қысқа тұйықталу кезінде өртті және тоқ көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды (автоматтарға)  қосу керек.  Сақтандырғыштардың міндеті - тоқ күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жібереді.
     Тұрмыстағы өрттердің басым бөлігі тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алады.
     Электр құралдарын пайдалану кезінде тыйым салынады:-электр шамдары мен жарықшамдарды қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен жабуға;
- стандартқа сай емес (қолдан жасалған) электр құралдарын қолдануға;
- желіге қосылған электр құралдарын қараусыз қалдыруға;
- электр тарту, қосу құралдарын жанғыш затқа орнатуға жол бермеу;
- электр желілерін жүргізіу ереже талаптарын сақтау;
-электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау;
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ. Төтенше жағдай немесе өрт оқиғаларыболған жағдайда тез арада  «112», «101» немесе «23-1-01» телефонына хабарласу керек.

02 қазан 2020 ж. 1 393 0