№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » COVID-19: ауданда індет жұқтырғандар анықталды

COVID-19: ауданда індет жұқтырғандар анықталды

Коронавирустың ықтимал екінші толқыны басталғанын сезіне бастадық. Әсіресе Еуропада қарқыны күннен-күнге ұлғайып, бірқатар мемлекетте күшейтілген карантин режиміне қайта енгізді. Жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттер тізімі сағат сайын ауысып, көрсеткіштер құбылуда. Жаңақорғанда да екі адамнан вирустың белгілері анықталды. Олар қалай, қайдан жұқтырды? Осы сауалға жауап іздедік.

Еуропа қауқарсыздық танытуда

Пандемияның күзгі толқыны экономикасы дамыған бірнеше мемлекетті әлсірете бастады. Әсіресе канадалықтар үшін ауыр соққы болды. Не бәрі екі аптада коранавирустан көз жұмғандар саны көктем айындағы көрсеткіштен асып түсті. Сондықтан бұл мемлекетке сыртқы елдерден тек жүк қана өтуде.
Чехия мен Словакияда төтенше жағдай жарияланып, сырт елдермен қарым-қатынастар шектелді. Италияда шұғыл түрде қатаң режимді 2021 жылдың қаңтар айына дейін ұзартты. Осы үш мемлекеттегі науқастарды емдеуде көптеген дәрі-дәрмекке тапшылық туындауда. Германияда тәулігіне 2000 науқас тіркеліп, науқастар жататын орын тапшылығы туындауда. Франция, Ұлыбритания және Чехиядада коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Германияда билік тарапы локдоун енгізуге ниет танытпауы – туристік бизнес табысынан айырылып қалмауды көздеп отыр. Бірақ тез арада шара қабылданбаса күніне 19 мың адам індетке шалдығу қаупі бар. Мұны Германия канцлері Ангела Маркель де мойындап отыр.

Біздегі ахуал қалай?

Осыдан 52 күн бұрын «ауданда соңғы науқас жазылып шықты» деп қуанған едік. Осы аптада ауданда 2 азаматтан коронавирус белгісі анықталғаны белгілі болды.Олардың жағдайы туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаев:
– Екі азаматтың жағдайы жақсы, симптомсыз түрімен тіркелді. Оларға қажетті ем-дом жүріп жатыр. Жұқпалы бөлімінің дәрігерлері күнде есеп беріп, денсаулығы туралы хабардар етіп отыр. Аманшылық болса, жуырда емделіп шығады деп ойлаймыз, – деді.
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра карантин талаптарын сақтамау, елеп-ескермеу қалыпты көрініске айналып тұр. Өз денсаулығын қатерге тігіп, жиыннан қалмай, той тойлап жүргендер көп. Осының салдары індеттің таралуына өз үлесін қосуда. «Той жасамаңыз, жиынға бармаңыз» деп ескертсе де, көпшіліктен қалмауды құп көріп, кейін өзі опық жеп жүрген жандар қаншама.
Еуропа елдерінде 50 адамнан аспайтын тойлар өтеді. Бірақ, әрбір тойға қатысушы денсаулық анықтамасы, мекен-жайын толық көрсетіп, анкета толтырады. Жалған мәлімет берген жағдайда қомақты айыппұл төлейді. 500, 1000 еуро төлеуге міндеттелген. Дегенмен бұл айыппұл індет таралмауына тосқауыл бола алмады.
Халық арасындағы сақтық шараларды нығайту мақсатында аудан әкімі Руслан Рүстемов кезектен тыс коронавурусқа қарсы штат отырысын өтікізіп, аудандағы ахуалды біршама жақсартуға жұмыс жасалу қажеттігін атап айтты. Осы отырыста бірнеше мейрамханалар жұмыс жасауына тыйым салғанына қарамастан көпшілік шаралар өткізгені мәлім болды.
Өңірде індеттің өршуіне байланысты бас санитар дәрігер отбасылық, ұжымдық, еске алу жиындарына, қыз ұзату, үйлену, мерейтойлар өткізуге тыйым салынған еді. Осы қаулының күші жойылмай тұрып, жеке кәсіпкерлер өз пайдасын ойлап, әкімшілік құқықты бұзуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінде, біздің өңір карантин талабын сақтамай, той - жиындарды көп өткізген, әкімшілік құқық бұзушылық фактілері көп тіркелген өңірлердің алғашқы үштігінде тұр. Бір ғана мысал, 24-26 қыркүйекте Жаңақорған кентіндегі «Аяна» мейрамханасында туған күн кеші, ал «Орда» мейрамханасында сүндет той өткізілді. Арнайы мониторингтік топ мүшелері дер кезінде көпшілік шоғырланатын жиындарды анықтап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425 бабының 1 бөлімімен хаттама толтырып, айыппұл салыпты.
– Тойханалар қатаң бақылауға алынды. Екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері де артады. Кәсіпкерлер той бизнесін тоқтатып, басқа кәсіптен табыс табуға бекінгені өзіне дұрыс. Біз тек ортақ заң мен мақсатты жүзеге асырамыз, – дейді бас полиция Ғани Тұрсекеев.

Үй алдында той жасап, жиын өткізіп жатқандар да жауаптан құтыла алмайды. Сондықтан екінші толқынның қарқынына жұтылып кетпеудің амалын жасап, өз отбасыңыздың амандығын басты мақсатқа қойғаныңыз абзал.

Мақпал МАРҚАБАЙ
07 қазан 2020 ж. 370 0