Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңсыз пайдалануды шектеудің жолы

Заңсыз пайдалануды шектеудің жолы

Тауар таңбалары туралы заңда тауар таңбасы иесінің тиісті келісімінсіз тауар таңбасы иесі агентінің немесе өкілінің атына тауар таңбасын тіркеуге қатысты қарсылықтарды қарау бөлігінде апелляциялық кеңестің құзыреті айқындалуда. Бұдан бөлек, Ұқсас тауар таңбасы мен фирмалық атау арасында қақтығыс пайда болған жағдайда Апелляциялық кеңеске қарсылық беру арқылы тауар таңбасының тіркеуін жоққа шығару негіздері нақтылануда.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң еліміздегі тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықты қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану дегеніміз, тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жердің атауы қорғалатын тауарларда және олардың бумасында оларды қолдану, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауының белгісі бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшаларда, жарнамада, баспа өнімінде немесе өзге іскерлік құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгізу болып табылады. Тауар таңбасы-нарық тілінің қажетті элементі. Себебі, сатып алушы үшін тауардың жалпы құны оның нақты бағасы мен жасап шығуға кеткен шығындарының қосындысынан құралады. Бұл жерде тауар таңбасының арқасында фирманың коммерциялық беделі жоғарылған сайын және тауар таңбасы жағымды ассоциациялар тудыратын сатып алушылардың саны көп болған сайын фирма мол табысқа кенеледі. Сәйкесінше тауардын жоғары бағамен көбірек сата алады.
Ал, өзіне таныс тауарға үйренген тұтынушы басқасын іздеп бас ауыртпайды. Алайда, соңғы жылдары бұл таңбаларға дақ түсіріп жүргендер көбейіп барады. Яғни сол заттың таңбасын алып, өз тауарларын шығарып, мол пайдаға кенелуді мақсат еткен жеке фирмалар саны артуда. Бұл дегеніңіз біріншіден алаяқтық, екіншіден сапалы дүниені жоғалту болып саналады. Тұтынушының сұранысын қанағаттандыратындай сапалы дүниеге қол жеткізуіміз керек. Сонда ғана бәсекелестік саны артады, халық игілігіне тұтынады.
Ә.ҚОЖАНТАЕВ,
Жаңақорған ауданаралық
Әділет басқармасының бас маманы
23 қыркүйек 2020 ж. 463 0