Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ерлер жігерсіз, неге?

Ерлер жігерсіз, неге?

Camonitor.kz сайты жариялаған «Қазақстан матриархат табалдырығында тұр?» атты мақала назарға ілікті. Рахымбек Абдрахмановтың сараптасы бойынша әйелдер әлдеқайда ұқыпты, қиындыққа төзімді, лидерлік қасиетін көрсете алады. Мәселен, әйелдер өздеріне жүктелген міндетті ер адамдарға қарағанда 70 проценті сапалы атқарады, 80 проценті қызметтік және отбасылық жауапкершілікті қатар алып жүр. Ал 75 проценті алкоголь мен темекіні аз тұтынады, әрі білімін арттырып, денсаулығын жақсартады.

АҚШ-тағы Mckinsey халықаралық институтының (MGI) зерттеуінше, бүгінде әйелдер экономиканың барлық саласында ерлермен тең қызмет етеді. Олардың дүниежүзілік ЖІӨ-дегі үлесі 40 процентті құрайды. 2025 жылға қарай 68 процентке жетуі мүмкін.
Әйелдердің оқу-білімге ынталы, стрес­ке төзімді, белсенділігі жоғары. Оның дәлелі, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 55 процентті құраса, мемлекеттік аппаратта жетекші лауазым иелері 40 процентке жуық.
Сарапшының жазуынша, Қазақстан­ның әрбір үшінші ер-азаматы жұмыссыз немесе тұрақты жұмысы жоқ. Көбісін әйелдері асырап отыр, ал олар оған намыстанбайды.
– Қазақстандық әйелдер мансап жағы­нан асып түсіп қана қоймай, мемлекеттік және коммерциялық құры­лымдарда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген. Сонымен қатар әйелдердің саяси-қоғамдық өмірде белсенділік танытып, азаматтық құқық, адам құқығы мәселесін көтеріп жүргенін жиі байқаймыз. Олардың бүгінгі белсенділігі мен батылдығына өткен ғасырдағы батырлар тамсана қарар еді. Мұның барлығы алдағы уақытта басқару жұмыстары, жетекшілік әрекеттері мен шешім қабылдау міндеті ер-азаматтардан әйелдерге ауысатынын көрсетіп отыр, – дейді Рахымбек Әбдірахманов.
БҰҰ зерттеунше, Қазақстан әлемдегі алкогольді көп ішетін он елдің қатарында тұр. Ең сорақысы, біздің елдегі еркектер жұмыс істейтін әйелдерге тәуелділікті қалыптасқан. Стратегиялық консалтинг зерттеу компаниясының мәліметі бойынша, ерлер өркениет көшіне ілесуге қабілеті аз. Оның дәлелі, зияткерлік салада жұмыс істейтін ерлердің саны жалпы жұмыс күшінің бес пайызынан аз.
2019 жылы Стратегиялық консалтинг жүргізген әлеуметтік сауалнама бойынша қазақстандық ер адамдардың басым көпшілігі (80 проценттен астамы) бос уақытын теледидар, телефон, гаджеттер көруге немесе көпшілік демалыс орнында (мейрамхана, кафе және т.б жерде) өткізеді. Ер азаматтардың бес проценті ғана кітап оқуға уақытын бөледі екен. Бұл дегеніміз, елдегі ер адамдардың 90 проценті бос уақыттын пассивті өткізіп, өздерін рухани-мәдени және интеллектуалдық тұрғыда байытуға  мән бермейді деген сөз. Міне, қазақ қоғамында әке беделінің түсіп, ерлердің қызметіне сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі осы...
Сауалнамаға қатысқан нәзік жандылардың 40 проценті бос уақытын кітап оқуға арнайтынын, театрларға, музейлерге және т.б мәдени-рухани орындарға баратынын айтқан. Тағы 38 проценті бос уақытын балалар мен үй шаруашылығына арнаса, 20 проценті пассивті өткізеді. Бұл цифрлар қазақ еркектері уақытты мақсатсыз жұмсайтынын көрсетеді.
Әрине Рахымбек Абдрахмановтың сараптамасының екі қыры бар. Ерлерді жігерсіз, әлсіз, қауқарсыз деп біржақты қорытынды шығаруға да болмайды. Қызметін абыроймен атқарып, әулетінің тірегі, қоғамға үлгі-өнеге болып жүрген ерлер аз емес. Дегенмен отбасында әкенің беделі төмендегенін, жігіттер жігерсіздік танытып жүргенін мойындау керек-ақ. Осыған байланысты әлеуметтік мәселелер туындап жатқаны да шындық. Мысалы, жас отбасылардың көптеп ажырасуын, тәлімсіз жасөспірімдердің қасиетін көріп те, естіп те жүрміз.
Саясаттанушылар мұның себебін нарықтық қоғаммен байланыстырады. Кеңестік жүйе кезінде өмірдің кез-келген саласында ерлерге басымдық берілді. Нарықтық қоғамда ерлер өз міндетін лайықты атқара алмай, әйелдер алдынғы шепке шықты. Енді ер адамдар өзінің инттелектуалды потенциалын көрсету арқылы ғана беделін қайтара  алады.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
25 тамыз 2020 ж. 454 0