ӨНЕГЕМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР
...Таңсәріден тысқа шығып, есік алдындағы жұпар иісі аңқыған гүлдерге ұзақ қарап отырды. Табиғаттың Жер-Анаға берген осынша сыйын қалай қадірлесең де жарасатындай. Әрбір жапырағы, гүл дестелері, айрықша реңкке боялған түстері қамығып келген жанның кеудесіне қуаныш сыйлауға асығатындай. Табиғаттың әсемдігі кез келген жанның бойына күш-қуат беретіні анық...
Бейсенкүл ананың ұзақ жылдарғы ұстаздық жолынан қадірлі зейнет демасылысына шыққанына бірнеше жыл. Бүгінде бір шаңырақтың иесі болып отырған балаларының қасында ұзақ болып, олардан өрген немерелерінің қызығына кенеліп отырған жайы бар.
Әуеліде Хақ тағаланың мейірімімен жаратқан пендесіне аямай сынақ беретіні бар. Перзенттерінің бірінен соң бірі өмірден ерте солып, сыздаған жүректің жарасы жанына батса да сыр білдірмеді. Сарғайған сартап сағынышын жұдырықтай жүрегіне сыйғыза білді. Сары уайымын сабырға жеңдірді. Осындай сәтте алдында отырған жәутеңкөз шәкірттердің ыстық ықыласы бар қайғы-қасіретін бір сәтке ұмыттырғандай болатын. Ұстамды ұстаздың байыппен берген әрбір сабағы оқушы жүрегіне мықтап ұялап, аяулы адамы болып болып қалғаны да содан болса керек-ті.
Бейсенкүл Пазылова жары Исахан Әбутәліпов екеуі жоғарғы оқу орнын тәмамдап, еңбек жолын Қожакент ауылындағы №168 мектептен бастаған. Кейін жолдасының қызмет бабымен аудан орталығындағы №51 мектепке ауысып ұзақ жылдар жемісті қызмет етті. Екеуі де «ҚР білім беру ісінің үздігі» болды. 1992 жылдан Түгіскен ауылындағы №209 мектепке ауысып, 2009 жылы қадірлі зейнет демалысына шықты.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас қанат сыйлайды» демекші, білімді шәкірт тәрбиелеген оқытушының шәкірттері бүгінде түрлі салаларда жемісті қызмет етіп жүр. Өзі мақтанышпен айтатын Талғат Өтеев, Гүлжан Әйменовалар мектеп басшылары болып жемісті қызмет етуде.
Бейсенкүл ана ұжымда ақылшы, жанашыр, еңбекқор ұстаз ретінде беделі биік болды. Ол әр уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруді үлкен жауапкершілік деп таныды. Жаңалыққа жаны құмар, мамандығын жан-тәнімен сүйе білген ұстаз ізденімпаздығының арқасында шәкірттеріне биік белестерді бағындыруға жол ашып берді.
Әкенің тағылымды тәрбиесі жайлы еске алғанда ұлы Қасымхан: Әкемнің берген тәлімі маған өмір бойғы азық болды. Оқушы кезімде электр жарығы жиі сөніп қалатын. Барлығымыз бір шамның түбіне жиналып отыратынбыз. Әкеміз бізге қазақтың жыр-дастандарын, батырлар жырын оқып беруші еді. Сондағы әрбір кейіпкердің образын көз алдымызға елестетіп, қаһарман болуға тырыстық. Өнегелі істерін бойымыздан көрсек дедік. Анам болса үй тірлігі мен жұмысты қатар алып жүрді. Шәкірттерін балаларымен тең көретін.
Туған жердің түтінін түтетіп, білімнің шырағын жағып, өмір бойы жас өркеннің білім алуына бейнеттеніп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздың өткен өмірінің бір парағы осындай. Ұзақ жылдар бойы өмірінің саналы уақытын білім беруге арнаған Бейсенкүл Пазылова шәкірт жүрегінде байыпты, байсалды, көркем мінезімен есте қалған ұстаз. Онымен сөйлескенде жаныңа сая тауып, жүрегіңе тыныштық орнайтындай.
– Болашақтың балалары бүгін мектеп табалдырығында жүр. Олардың санасы сергек, білімі биік. Мен мұны үйдегі немерелерімнің бойынан да байқаймын. Компьютер тілі мен телефонның жаңа бағдарламаларын жетік меңгеріп алған. Ойларын ашық айтады. Білсем, көрсем деген жігері жанып тұр. Тек қолдап, дұрыс бағыт берсең болғаны, – деген пікірін білдірді.
Ұстаз қай заманда да қадірлі. Қилы кезеңдерде қабырғаны қайыстырар қайғыны сабырға жеңдіре білген аяулы ана, білімді ұстаз берік ұстанымының арқасында ғана биік тұра білді. Бақытын босағасынан тапты. Күнінің әрбір таңын бақыт бастауы деп білді.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА