№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құмар ойын жарға жығады

Құмар ойын жарға жығады


Карантин басталғалы құмар ойынға құмартқандар саны артты. Бұл – ел аузындағы әңгіме. Расында таңертеңнен қара кешке дейін ұйқыны қандырып, кешке «жортуылға» шығатындар жастар қатары аз емес. Олар қайда барады немесе қайда бас қосады? Әрине бәрі емес, бірақ құмар ойын басында бас қосатындар бар. Оларға қызмет етуге букмекерлік кеңселер де қарсы емес. Карантин кезінде тығылып есік ашуға дайын.


Атын атамауды жөн санап, редакцияға хабарласқан ел ағасы:
– Былтыр ала жаздай егін егіп, күзде табысым едәуір көбейген. Балалардың киімінен, тамағынан артылған ақшаны көктемгі тірлігіме сақтап отырғанмын. Аяқ асты облыс орталығына жұмыс барысымен баруға тура келді. Кейін ұзақ кезектен таза ауаға тысқа шықтым. Сыртқы жарнамасы көздің жауын алатын шағын бөлмеге кіргенім ғана есімде. Кейін ойынның қызығына түсіп бар ақшамнан айрылғанымды білдім. Бармағымды тістегеніммен, қайтарып алатын қауқарым жоқ, ішім удай ашыды, – дейді бізбен әңгімесінде.
Иә, бұл мақаланы жазуымызға түрткі болған бір ғана оқиға. Қаншама жандар өкініші өзегін өртесе де ішіне бұғып жүр. Кейбірі менмұндалаған жарнаманың жетегімен барса, оңай олжаны көздеп баратындары қаншама.
Осындай ойындардың смартфонда да жарнамасы жүр. Ішіне кірсең, карта нөміріңді жаз деп тұрады. Сосынғысы белгілі алдымен 5 мың, 10 мың, кейін есепшотыңдағы қаражатыңның қайда кеткенін білмей қаласың. Бұл ойындар пайдаға кеңелтемін деп батпаққа батырады. Қолыңдағы ақшаңның құмдай сусып кеткенін білмей де қаласың. Дұрысы, кірмеу, құмартпау.
Бұл жайлы асыл дінімізде былай делінген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) өзінің бір хадисінде: «...мұсылманның алданып, ермек еткен бос ойындарының барлығы бекершілік. Тек садақ атып, атқа мінуді үйрену және әйелімен қалжыңдасудан басқа», деген. Алла Тағала Құран Кәрімде құмар ойындары жайлы былай бұйрық етеді: «Ей иман келтіргендер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және пал ашу оқтары лас, шайтанның амалдары. Одан аулақ болыңдар, бәлкім құтыларсыңдар». Келесі аятта: «Негізінен шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық пен кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ендеше тыйылмайсыңдар ма?».
Саналы ғұмырында осындай ойындарға ілігіп, өздерінің күнәлі істер жасап жатқанын ойлап жатпайтындары өкінішті әрине. Кездейсоқ жетістік пен бос үмітке тәуелді етіп қоятын құмар ойындарға кез-келген жан түсіп қалуы ықтимал. Сондықтан да ойын түрлерінің құмар ойынына айналып кетпеуі үшін ғұламалардың қойған мына бес шартын сақтау қажет: 1.Ойын намаз уақытының өтіп кетуіне немесе тым кешіктірілуіне себеп болмауы тиіс. 2. Жеңілген тарап жеңген тарапқа ешқандай қаржылай немесе құнды зат қарызданбауы тиіс. 3. Ойын кезінде тіл жаман сөзден, налудан сақ болуы тиіс. 4. Уақыт, денсаулық және басқа да нығметтерді шектен тыс ысырап етуге апармауы тиіс. 5. Ойынның адам баласы үшін маңызды бір пайдасы болуы тиіс. Осы шарттар сақталмаса ойыннан аулақ болған жөн.
Ойынға бір бас сұққан жан ол жерге қайта-қайта барғысы келіп тұратын психологиялық дертке ұшырайтыны айтпаса да түсінікті. Алдымен қолындағы барын берсе, кейін үйіндегі бағалы заттарға қол салады. Бұл да қоғамдық дертке айналып бара жатқандай. Олай дейтініміз, көбіне құмар ойынға өзіне көңілі толмайтын, эмоциясын басқара алмайтын, айналамен қарым қатынасы жоқ жандар баратынға ұқсайды. Лудомания аталып кеткен бұл дертті емдеу де оңайға соқпайды екен. Алдымен жақындарының қолдауына мұқтаж мұндай жандар өзін жалғыз, керексіз сезінуден осындай жаман әрекетке барады дейді психологтар.
Қысқасы, қалтадағы қаражатты көбейтіп, оңай олжаға кенелгісі келгендер батпаққа батқанын кеш біліп жатады. Себебі құмар ойындар жарға жығады...

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
04 тамыз 2020 ж. 886 0