№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гүлшара Әбдіқалықова: Тұрғындар арасында сақтық шаралары дұрыс сақталмай отыр

Гүлшара Әбдіқалықова: Тұрғындар арасында сақтық шаралары дұрыс сақталмай отыр

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиын өтті. Жиында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев індеттің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.


Бүгінгі күнге дейін облыс орталығында коронавирус, пневмония диагнозымен және ОРВИ инфекциясымен 1966 адам тіркелген.
Коронавирус жедел респираторлы аурулар мен пневмонияға байланысты тұрғындар тарапынан шақыртулардың күрт көбеюіне байланысты мобильді дәрігерлерді тасымалдау шаралары да қоса ұйымдастырылды. Оған әкімдікке қарасты 30-ға жуық қызметтік көлік тұрғындарға күнделікті жедел қызмет көрсетуге жұмылдырылды.
Кәсіпкерлер мен еріктілердің тарапынан да 20-ға жуық көлік оттегі баллонын жеткізу мен тағы да басқа қызметтер бойынша көмек көрсетті. Сонымен қатар 27 кәсіпкер 52 млн. теңгеге 77 дана оттегі концентраторы мен 850 дана оттегі баллонын қаладағы ауруханаларға жеткізген.
«Қызылорда», «Арбат», «Бәйтерек» қонақ үйлері иелерінің демеушілігі мен қалалық «Сырдария» тынығу лагері, қалалық ардагерлер үйі, ҚМУ №4 жатақханасына 401 медициналық қызметкер орналастырылды.
Бұдан бөлек, қала кәсіпкерлері арқылы 10 мың дана медициналық бетперде қала тұрғындарына тегін таратылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де волонтерлар арқылы дәрі-дәрмектер жеткізілуде.
Жиында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова әлі тұрғындар арасында сақтық шаралары дұрыс сақталмай отырғанын айтты.

«Қазіргі таңда тұрғындар арасында әлі де сақтық шараларына бейқамдық танытып жүргендер бар. Жыл соңына дейін ас беру сияқты жиындарды тоқтату керек. Мобильді топтарды түсіндірме жұмыстарына араластырып, халыққа кеңінен ақпарат беру қажет » – деді облыс әкімі.Мәжілісте аймақ басшысы облыс орталығындағы провизорлық орталықтардың жеткілікті болуына баса мән беру керектігін де сөз етті. Ол үшін қажетті ғимараттар, төсек орындармен қамтамасыз ету мәселесін ұдайы назарда ұстау керектігін ескертті.

27 шілде 2020 ж. 453 0