Халық денсаулығы –басты назарда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеу жасап, әкімдерге эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға күш салуды тапсырды. Мемлекет басшысы Сыр өңіріндегі жағдайға алаңдаушылық білдіргені белгілі.
Шын мәнінде, облыс көлемінде коронавирусты ауыздықтауға бағытталған жұмыстар баршылық. Яғни облыс және аудан орталықтарында провизорлық стационар және стационарлық орталықтар құрылып, науқастарды емдеуде. Одан бөлек үй жағдайында емдеу жолға қойылды. Осыны көзбен көріп, көңілге тоқу үшін облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова ауданға жұмыс сапарымен келді.
Алдымен өңір басшысы аудандық ауруханадағы стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың хал-жағдайын біліп, аурухана жұмысымен танысты.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова аудан әкімі С.Мақашовқа эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауды және аурухананың жұмысын күшейтуді тапсырды.
– Өздеріңіз білетіндей, карантин мерзімі шілде айының соңына дейін созылды. Қазір эпидемиологиялық ахуал күрделі. Облыс бойынша Жаңақорған ауданы коронавирус індетін жұқтырған адам саны бойынша алдыңғы қатарда тұр. Емделушілерге жақсы жағдай жасап, аудандағы жағдайды тұрақтандыруға жұмыс жасаңыздар, – деді аймақ басшысы.
Өңір басшысы пневманиямен ауырып жатқан науқастармен ашық сөйлесіп, мазалаған сұрақтарына жауап берді. Ем қабылдаушы пациенттің бірі, 58 жастағы Күміс Тойшықызы: «Ем қабылдап жатқаныма 4 күннен асты. Ауыр жағдайда келгенмін. Қазір жақсарып қалғандаймын. Кеше осы бөлімге 2 өкпені жасанды демалдыратын аппарат, қосымша дәрі-дәрмек, гигиеналық заттардың келгенін естіп, қуандық. Істеріңіз алға баса берсін», – деді.
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы 2010 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде ауруханада 168 дәрігер, 803 орта буын қызметкерлер жұмыс жасайды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық ауруханаға 2 дана ИВЛ аппараты, 1120 дана кислород баллоны алынды. Қазіргі уақытта аудан бойынша COVID-19 вирусымен 292 адам тіркелді. Оның ішінде, 230 адам жазылып шықты. Пневманиямен 236 адам тіркеліп, бүгінгі күні стационарда 176 емделуші ем алуда.
Коронавируспен күрес жұмысын күн тәртібінен түсірмей, күнделікті науқастардың жайын біліп, мәселелерді ұтымды шешуді басшылыққа алған аудан басшысы Сұлтан Мақашов жергілікті кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың демеушілігімен қажетті аппараттар алғанын, оның игілігін халық көріп жатқанын жеткізді.
– Қазір науқастардың уақтылы емделуі маңызды. Осы мақсатта 100 орынды провизор стационарына 180 орын қосып, 280 төсекке жеткіздік. Ол жердегі науқастарға 89 медицина маманы күн-түн демей қызмет етуде. Соңғы аптада дәрі қоры толықты. Өкпені ауамен жасанды тыныстандыратын аппараттар жеткілікті. Мұндай аппараттармен қамтамасыз етуді жергілікті компаниялардан сұрадым. Бүгінде әк зауыты, «СКЗ-U» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ қарасты уран компаниялары қолұшын созды. Одан бөлек, «Шалқия-Цинк ЛТД» АҚ 2 ИВЛ аппаратын аудандық ауруханаға алып берді, – деді аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы.
Сондай-ақ үй жағдайында емделушілерге Call-орталық іске қосылып, онда төрт медициналық бригада қызмет ететіні сөз болды және науқастарды стацинарда емдеудің маңызы айтылды. Төрт айдан аса ауруханада күнұзақ еңбек ететін дәрігерлердің материалдық базасын нығайтып, олардың отбасына көмек беру жағдайы да талқылаудан тыс қалмады.
Облыс басшысы Жаңақорған кентіндегі бірқатар дәріханалардың дәрі-дәрмек қоры және бағасын тексеріп, аудан әкімдігіне дәрілік заттардың жеткілікті болуын және кәсіпкерлер тарапынан қолдан баға көтерілмеуін бақылауды тапсырды. Облыс бойынша қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында фармацефтикалық компанияларға 86 миллион теңгеге өтінім берілгені белгілі болды. Оның ішінде, Жаңақорған ауданына дексаметазон, преднизолон, ерітіндідегі аскорбин қышқылы және т.б дәрілік заттарды алуға 10 миллион теңге қарастырылған.
Ескі аудандық аурухана ғимаратында ыңғайластырып дайындалған провизорлық орталыққа барған облыс әкімі Гүлшара Наушақызы:
– Қиын-қыстау кезде өз өмірін қатерге тігіп, отан алдындағы азаматтық борышын, перзенттік парызын көрсетіп жатқан медицина өкілдері бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан олардың қажеттілігін қамтамасыз ету бізге міндет, – деді.
Облыс әкімі жұмыс сапары барысында №3 мектеп интернаты мен дене шынықтыру және спорт кешенінің ғимаратында ыңғайластырып дайындалған провизорлық орталықтың жұмысын тексеріп, аудандық аурухананың бас дәрігеріне бірқатар тапсырма берді.
– Халық денсаулығы – басты назарда. Провизорлық жағдайда емделіп жатқан азаматтарға ыңғайлы жағдай жасап, дәрі-дәрмекпен, оттегімен толық қамтамасыз етілуін қатаң бақылауға алыңыз. Үй жағдайында ем алып жатқан азаматтардың да жағдайы бақылауда болу керек. Қазіргі уақытта тұрғындардың денсаулығы бірінші кезекте тұр, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Сонымен, ауданда науқастарды уақытылы емдеу орнымен қамту үшін бұрынғы 100 орын провизор стационарына қосымша 180 орын провизор ашылып, жұмыс жасауда. Провизорлық орталықтарда 219 науқас ем алуда. Науқастарға 89 медицина қызметкері қызмет етеді.
Мұнымен қоса, өңір басшысы №51 мектептегі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысып, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын тапсырды.
Айта кететіні, аталған білім ордасы 1975 жылы пайдалануға берілді. Содан бері күрделі жөндеуден өткен жоқ. 2019-2020 оқу жылы 917 оқушыға 105 мұғалім білім берді.
Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын «Ернұр жетістігі» ЖШС жүргізеді.
– Жұмысты осы айдың басында бастадық. Бүгінде 19 азаматты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтып, айына 85 мың теңге көлемінде айлық берудеміз. Жұмысты уақытында, әрі сапалы жүргізуін қамтамасыз етемін, – деді Ерлан Ауанов.
Мердігер компанияның жергілікті жерден болғаны маңызды. Туған жерге пайдасын тигізетіні анық. Ал мектеп ғимаратының шатыры мен бу қазандығының және дәліздегі жылу жүйесін «Мега ЛТД» ЖШС-гі жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Өңір басшысы Гүлшара Әбдіхалықова сапа мәселесін басты назарда ұстап, материалдар мен жұмыстың сапалы жүргізілуі керектігін, жұмыскерлер жергілікті жерден қамтылып, олардың айлығы уақтылы төленуін басты назарда ұстау қажеттігін жеткізсе, өз кезегінде білім басшысы да мердігерлердің жұмысын қадағалау жағын жіті назарда ұстайтынын айтты.
ТҮЙІН. Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорданы «Красная зонадан» шығару үшін аудан әкімдері мен сала басшыларына нақты талап қойып, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға кірісті. Облыс әкімінің сапарынан санаға осыны түйдік.
Мақпал ПАТЕНОВА,
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА