Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 49

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Той тойлайтын емес, ой ойлайтын кез

Той тойлайтын емес, ой ойлайтын кез


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ел халқына жариялаған «Той тойлайтын емес, ой ойлайтын сәт туды» атты Үндеуі бір ғана ұлтқа емес, жер атты алтын бесікте тербелген жалпы адамзатқа қарата айтылған анық сөз, ақиқат үкім десек те болады.


Анығында, адам баласының кө­кі­­регінде берік орнығып, арзан қы­зық­­пен алдап-арбайтын жеңіл амалдардан гөрі Алланы еске са­лып, амандықтың қадірін ұқты­рар қиыншылық атаулының елдің жар­қын келешегіне қайыры арты­ғырақ екенін ақыл санасынан өткізген әркім мойындар еді.
Бүкіл жер шарын аралап кеп, аңғал қазақтың алқымынан алған ауыр кеселдің Алаш жұртын да аяйтын түрі байқалмайды. Бірақ бір нәрсе айқын, Жаратушы Ие жа­рат­қандарына шексіз мейірімді, қан­шама күнә – қателіктеріне көз жұмып, кешіре береді, кешіре береді. Сонымен қатар Алланың қахары да бар екенін естен шығаруға болмайды.
Бізден бұрын келген Нұх қауы­мының жағдайы қалай болды? Талай ескертулер жасалды. Құлақ аспағанда бәлекет жіберіп, тас жау­дырды.
Ад қауымы деген болды, бойлары он екі құлаш келетін алып адамдар еді, өзіне, бойына, кушіне сенген олар өздерін құдіреттей сезініп, Құдай­ды танудан қалды. «Бізді еш­қандай жау жыға алмайды» деп кеудесіне нан піскен Ад қауымы Құді­реттің қахарына ұшырап дүлей дауылға тұтылып, тау-тастың астына жаншылып жоқ болды.
Жер бетін жайлаған бұл ін­дет те адамдарға жіберілген бір ескерту. Ақылы басында болған одан тек ғибрат алады. Есін жинап, алды–артына есеп береді. Неден адасты? Неден қателік жіберді? Жүрегін қор­қыныш буып, жалынып-жал­бары­нып, Тәңірден жарылқау тілеу, қиындықтан құтылудың жал­ғыз жолы осы, қадірлі әлеумет.
Зер салып қарағанға, Еуропаның барлық аумағын шарпыған белгісіз дерттің Англия, Италия, Бразилия, Бельгия сынды елдерде бет қарат­пай белең алуы арсыздық атаулыны былай жиып қойғанда онда орын алған ер мен ердің жа­насуын қалыпты жай көретін таби­­ғаттың қайшылығына қарсылық ретінде жіберілген қатал бір үкім дер­сің.
Біздің мүкәррам жамағатымыздың да жаза басып, жаңылысқан тұста­ры аз емес болар. Өз-өзімізді өсімге байлап беріп, өсуге емес, өшуге айналған амалсыздық екінің біріне тән. Короновирустың әлегі туып, әл-ауқатымыз күрт кеміді дейміз, Оған дейін айдарымыздан жел есіп жүр ме еді? Тойымсыздыққа ұрынған төрешілдіктің зардабын төмендегілер тартып, әділетсіздіктің неше түріне куә болмады ма? Зорлық-зомбылық, алдау-арбау ұлғайып, қадам сайын кісі баласының ақысын жеуден қаймықпайтын қараулықтан көз ашпай қалған жоқпыз ба? Күннен күнге араны ашылған ашкөздіктен ынсап таупиық адыра қалып, топырақ қана толтырар ашқарақ нәпсіні ауыздықтаудың өзі азапқа айнала бастаған.
Бес бірдей жәутеңкөз өртеніп, күлге айналған сұмдық өкініштің астарына үңіліп ой жібергенге қарамағындағы жұмыскердің еңбе­гін қанап, пайда табуды ғана көздеген, бірақ олардың жай-жағдайына назар салуды мүлдем ұмыт қалдырған керенау пыйғыл, қайырымсыз қанағатсыздыққа не дерсіз?
Бір күнде қолқа-жүрегінен қоса айрылып, құр сүлдерге айналған қос мұңлыққа қарайласып, жүрегінің шуа­ғымен бөлісіп, баспана алуға деп қара­жат аударған ағайынның ақшасын орта жолдан қағып алып, қалтаға салуға арланбаған алаяқтық жағдайларға не дерсің? Олай болса оңай жолмен мал тапқысы келетін жатыпішер жалқаулық қайшылықта емес, жайшылықта қанат жайып, ерліктің рухын намысы жоқ ездікке алмастырып, ұлттық мінезіміз ұсақтаған үстіне ұсақтай береді екен.
Ал, анығында, өмірдің құндылығы төрт құбыламыздың сайлығында емес, жүректің байлығында.

Ақылдың тұмары – тәубаның тұрағы

Иса Әлейәссаламның заманы бол­са керек. Ол кетіп бара жатып, бір ағаштың көлеңкесінде демалып отырған көзі соқыр, үсті-басын жара басқан бір міскінді көзі шалып, үніне құлақ түріп еді. Ол: «Я, Алла, менің саған деген шүкіршілігім мына талдың жапырақтарынан да көп. Сансыз тәубе қыламын» деп жатқанын естиді. Ол шыдамай кетіп: «Жағдайың болса мынау, сонда да разымысың?» деп сұрауына тура келіпті. Сонда міскін: «Жер бетінде төрт құбыласы түгел, жағасы жайлауда, бірақ шүкіршілік ете білетін жүрегі жоқ адамдар қандай көп. Маған тәубаға толы осындай бір жүрек бергені үшін мен Аллаға шексіз қарыздармын» деп жауап берген екен. Сонда қатты мейірленіп кеткен Иса Әлейәссалам міскіннің көзінен сүйіп, ол үшін Алладан шын дұға еткен екен. Сонда қос шырағы шырадай ашылып, денесі жарадан арылып, тәубакар құлдың тілегі бір күнде қабыл болған екен. Міне, Тәңірге тәуекел еткен тәубаның құдіреті.
Бүгінгі қазақ елі осындай тәуе­келімізден танбауымыз керек.
Басымызға түскен сынақтың сырын білуші бір Алла, оған сын айту, талдау, таразылау біздің құзырымыздағы мәселе емес. Елдің басына түскен індет туралы хадисте анық аят бар. Жұқпалы дерттің зардабын тартқан пенделерге Алланың жеңілдігі туралы «Жаратқан Ие өзінің сүйген құлдарын қиыншылықпен сынайды. Ол қай кезде Аллаға бұрылады, жақсылықпен сүйіншілейді» деген жолдарды дәлел етпекпіз. Бұл пәниде құрметке лайық пенделер қандай көп. Оларда кем түскен құлшылық амалдарын орнына келтіру үшін жандарына бір қиындық, аурулық беріп, соған разы болған жағдайда кешіріміне алады екен. «Осы дертімді күнәларыма кәппарат қылғай» деп дұға қылғанның тілегін қабыл етіп, шейіт болған жағдайда шахиттің сауабына теңестіріп, дәрежесін көтереді екен.
Соғыс даласында шейіт болған талай боздақ қанға боялып көмусіз қалмады ма, әуеде жанып кетіп күлі мұхитқа шашылса да жәннатқа баратын оның рухы. Ал жер басып жүрген пенде үшін ең үлкен күш – Үмітіміз үзілмесін деңіз

Тойханалар неге жабылды?

Күні кешелері ғана, бұл індеттің көлеңкесі де жоқ жаймашуақ заманда аптасына екі-үш рет тойға бармасақ ішкен асымыз бойға дарымайтын күйге түскен болатынбыз. “Жиған-тергенің тойға шашылсын” деп бір-біріне тілек арнайтын қазақ той дегенде алдына жан салмады. Бірақ содан өмірімізге еніп жатқан өнеге, келешекке ғибрат болар жақсылықты көре алдық па? Кәрі-жас, бала-шаға демей мидай араласып, елдің ақсақалдары алдын қиып өтпес келін-кепшікпен бір отырыста бас қосып, қарияларымыз көз алдында былқылдаған келінінің биіне сұқтана қарап, дәстүр-тағылымды тізеден басқан әдепсіз қылықтарды көре-көре көзіміз де, етіміз де үйрене бастағандай еді.
Коронавирус осы келеңсіз көрініске тоқтам жасап, аузымыз табада, қолымыз жағада. Той тойлаудан бұрын ой ойлап, желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпағымыздың амандығы үшін түн ұйқымыз төрт бөлініп, ортақ кемеде бір тілекпен топтасып, бір-бірімізге сүйеу болуға талаптанып келеміз. Бәріміз де шын құлқы-ниетіміз бен жан-дүниемізді тазартып, тағдырға тәуекел етуге бет бұрдық.
Жан дүниеміз жаңарып, жақсы­лыққа ұмтылғанда ғана жер бетінен коронавирус толық тазарып, қуанышты өмірге қайта қауышатын боламыз.

Баян ҮСЕЙІНОВА
14 шілде 2020 ж. 665 0