№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС ЖАСАУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС ЖАСАУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Жылдағы дәстүрлі жұмыстан жаңа форматқа көшкенімізге де бірнеше ай болды. Иә коронавирус әлемге тарай бастағаннан-ақ қашықтан жұмыс жасауға көштік. Оқушылар сабақты қашықтан оқыды, көптеген қызмет түрлері онлайн форматқа ауысты. Бұл – уақыт талабы сынды. Мұның пайдасы қандай? Зияны бар ма? Жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізіп жатқан жоқ па? Осы сауал төңірегіне тереңірек бойлауға тура келді.
...Кенттің төңірегіндегі жұмыс ғимараттарының кейбіріне бас сұғу мүмкін болмағанымен, халықпен тікелей жұмыс жасайтын мекеме қызметкерлері орнында отыр. Әсіресе, ауызсу, аяқсу электр жарығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, пошта, банк секілді ғимараттардың есігі келушілерге айқара ашық. Жо-жоқ, ашық болғанда қолыңда ақшаң болмаса да, бетіңде маскаң болуы шарт. Сосынғысы арақашықтықты сақтай отырып келген жұмысыңызды бітіресіз. Қолайлысы, бұрынғыдай сапырылысқан халықтың қарасы аз. Үреймен үйде отырғандар да, үрейсіз үймелеп жүргендер де бар. Бұны әркімнің санасына қалдырдық.
Біз тілдескен мекеме қызметкерлері де қашықтан жұмыс жасау кестесін қолға алыпты. Әрбір қызметкер кезекпен келіп, жұмысын шартты түрде бітіреді. Бүгін Бәтима, Ертең Мырзабай, сосын Жәмилә... осылай кете береді. Ең бастысы аптаға жоспарланған жұмыс уақытылы бітіп, тірліктің тоқтамауы.
Өзімнің Instagram-дағы аккаутыма осы сауалды қойып, оқырман жауабын білмекке ниеттендім. Сонда білгенім жауап бергеннің басым бөлігі онлайн жұмыс істеуді тиімді санайтынын білдірді. Біріншіден, жолға қаражаттың және уақыттың кетпейтінін алға тартады. Екіншіден, үйде жауапкершілікті екі есе сезініп, тапсырманы тыңғылықты орындауға күш салады екен. Солайы солай ғой, кез-келген нәрсенің екіұшы болатыны секілді зиянды жақтарына да тоқталсақ...
Алдымен интернет мәселесі. Иә, қазір кент ішінде интернет мәселесі соншалықты қиындық тудырмайды. Бірі WI-FI мен, бірі роутермен кіріп, байланыс мәселесін шешкен. Ал елді мекенде тұратындар үшін мәселе тудыратыны анық.
Қашықтан қызмет етіп жатқан мекемелердің мамандарымен тілдесіп, мән-жайды білдік. Аудан әкімі аппараты қызметкері Әбдіғани Махмутжанов: “Маған онлайн жұмыс жасау ұнады. Жауапкершілікті сезіне отырып, үй жағдайында жұмыс істеудің тиімділігін көріп отырмын. Оның үстіне, бұл – уақыт талабы», – дейді.
Талап үдесінен шығып, оқырмандарына қашықтан қызмет етуді басшылыққа алған кітапхана ұжымы жаңа жағдайға бейімделуге тура келді. Мұны аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетова айтып берді.
– Онлайн жұмыс жасау арқылы әлеуметтік желінің маңыздылығы еселеп артты. Бүгінде facebook арқылы ғибратты әңгімелерді жариялау арқылы оқырмандардың ыстық ықыласына бөленудеміз. Уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті болу, кез-келген уақытты тиімді пайдалану маңызды, – деп ойлаймын дейді кітапханашы.
Бұл қызмет түріне тұрғындар арасында жүгініп, сапалы қызмет алып жатқандар да жоқ емес. Соның бірі – кент тұрғыны Индира Искакова. Ол: "Мен халыққа қызмет көрсету ортылығының қызметін үйде отырып-ақ алдым. Керекті құжаттарға egov.kz сайты арқылы қолжеткіздім. Меніңше карантин уақытында кезек күтіп сарылмай, тиімді тәсілге сүйенген жақсы. Бұл – бір жағынан өзінің қауапсіздігін үшін маңызды, екінші жағынан, уақытты үнемдеп, жол-пұлға шығындалмайсыз", – деді.
Қашықтан жұмыс жасауға халық машықтанып келеді. Тіпті бизнесін онлайн дамытуға бағыт алғандар бар. Мұны алдағы уақытта жазамыз.
Қысқасы, үй жағдайында отырып, өз уақытыңды басқара алу анағұрлым пайдалы. Ең маңыздысы, пандемиядан өзіңді және отбасыңды сақтауда пайдасы көп. Озық елдердің тұрғындары онлайн қызмет түрлерін алып, ісін бітіріп отыр. Коронавирус бізге дамыған елдер секілді қашықтан жұмыс жасап, онлайн қызмет түрлерін алуды үйрететін сынайы бар. Солай емес пе?!
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
08 шілде 2020 ж. 498 0