Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үйде болып, жақыныңды сақта!

Үйде болып, жақыныңды сақта!

«Науқастар алаңдаушылық пен пессимизмге түспеуі керек. Емде­лумен қатар, адамның жақсы физи­калық және рухани жағдайы оның тез айығуына ықпал етеді». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коро­навирустық инфекцияның тара­луына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесінде осылай елді үрейге бой алдырмауға шақырды.
Расында, індетпен күрес, оның алдын әрбір қазақстандықтың өз қолында. Ол үшін қарапайым қағидаларды ұстаса болғаны. Мәселен, үнемі маска тағып, қолды шайып тұруы тиіс. Мейлінше адам көп шоғырланатын жерлерде және жиын-тойларға бармай, өзін-өзі оқшаулауы тиіс. Беларуссия індетті жеңудің жолын тапты. Ол әркім өз денсаулығына өзі жауап беруі тиіс. Яғни сақтық шараларына баса назар аударып, әрбір тұрғын өзін-өзі жауап берді. Біздің қателік осында. Президент айтқандай бұл уақытша құбылыс, оны еңсеруге біздің күш-жігеріміз жетеді. Ең бастысы, тәртіпке бағынып, үлкендеріміз үйде болғаны абзалырақ болар еді. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», осы естен шығармайық, ағайын!

Шерхан АШИМОВ,
аудан әкімдігі
аумақтық қорғаныс
және төтенше жағдайлардың
алдын алу бөлімінің басшысы
30 маусым 2020 ж. 683 0