» » Президенттің шешімін қолдаймын

Президенттің шешімін қолдаймын

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде айтқандай, төтенше жағдай режимін 11 маусымға дейін ұзарту жөніндегі шешімін толық қолдаймын.
Қауіпті індеттің алдын алу билікте отырған азамттардың ғана емес, әрбір тұрғын үлес қоса алады. Егер жақсы өмір сүріп, қалыпты жағдайға тездетіп жеткіміз келсе карантиндік талаптарды қатаң ұстануымыз тиіс.
Жалпы Үкімет тарыққан жұртқа тіреу болудың барлық амалын жасауда. Қаншама жерлесіміз 42500 теңгені алып, қажетіне жаратты. Олардың қуанышын естіп, біліп отырмыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та елмен бірге екенін көрсетті. «Nur Otan» партиясы төрағасы «Біз біргеміз!» акциясына пәрмен беріп, қолдауды қажет ететін азаматтарды әлеуметтік қолдау көрсетіп жатыр. «Nur Otan» партиясының белсендісі, саяси кеңесінің мүшесі ретінде осыны сезініп отырмыз.
Енді ««Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген Бауыржан Момышұлының ұлағатын ұстанып, аз уақытта карантиндік режимді бағындырамыз. Өмір дағдысы қалпына келіп, барлық саланың қызу жұмысы басталады. Сондықтан сабыр таныта білейік, ағайын!
Айлардың сұлтаны Рамазан айы адамды сабырлыққа шақырып, сенімін күшейтені анық. Қасиетті айда сабыр мен шыдамдылықты басшылыққа алайық.

Серік МҰСАБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі,
ардагер ұстаз
27 сәуір 2020 ж. 504 0