Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Демалыс күндері енгізілетін карантин режимі

Демалыс күндері енгізілетін карантин режимі

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне және Қазақстанның бірнеше өңірлерінде коронавирустық инфекциялардың таралу деңгейінің жоғарылауына байланысты демалыс күндері ағымдағы жылдың 20-21 маусымы аралығында қосымша шектеу шараларын қабылдауға шешім қабылданды.

Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин өзінің баяндамасында айтып берді. Тұрғын саны көп қалалар мен елді мекендерде бірқатар шектеулер енгізілетін болды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:

- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да базарлардың қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
- қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
- қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
- фитнес орталықтардың қызметі тоқтатылды;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Халқы 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

- қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
- 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
18 маусым 2020 ж. 742 0