Топ-баннер

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Алматыда ауа сапасы ЛЭД экран арқылы көрсетіледі

Алматыда ауа сапасы ЛЭД экран арқылы көрсетіледі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында қалалықтардың қоршаған ортаның жағдайы, соның ішінде ауаға қатысты хабардар етіп отыратын экологиялық жобаның іске қосылғандығы туралы жазды. Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлады.
"Атмосфералық ауаның сапасын LED экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан ақпарат беру құрылғыларын Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді", — деді Б.Сағынтаев.
Ақпарат 26 "датчиктер" арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңарады. Қосымша тағы 10 мониторингтік станциялар қосылатын болады.
Мәліметтер ауаның негізгі алты  көрсеткішінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірттің дикосиді, азоттың дикосиді, азоттың оксиді, көміртегінің оксиді, фенол.
Бұл жоба Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр және қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың кешенді шараларының бірі  болып табылады.
Еске салсақ, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айтылған.
18 маусым 2020 ж. 536 0