№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Латын әліпбиіне көшу-ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам

Латын әліпбиіне көшу-ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам

     Мемлекетіміз қазақ тілінің өркен жаю жолында және қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар маңызды шараларды атқарып келеді. Сондай кешенді шаралардың бірігейі-қазақ тілін жаңғырту немесе латын графикасына көшіру мәселесі.

Елбасымыз  жолдауында латын қарпіне көшудің қажеттілігі жөнінде: Біз 2025 жылдан бастап өз әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл- ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз,- деген болатын. Бұл мәселенің маңыздылығы ғылым-білімге, мәдениет пен өнерге сондай-ақ саясат пен техникаға қатысты ақпараттардың басым бөлігінің осы әліпби негізінде таралуында жатыр. Демек, біз латын графикасына көшу арқылы әлемдік өркениет көшіне ілесіп, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына  қосылу жолын жақындатамыз. Әлем елдерінің озық тәжірибесі мен ғалымдардың пікіріне сүйенсек, бұл мәселе бізге аса қиынға соқпайды. Оның үстіне қазіргі білім саласындағы жасалып жатқан  реформалар мен жаңартылған білім мазмұны латын әліпбиіне көшу үдерісін жеңілдетері хақ. Оған дәлел, бастауыш сыныптан бастап қолға алынып жатқан тілдердің үштұғырлығы.
  Бүгінде  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 18 қарашадағы №  19-4105 тапсырмасы негізінде әліпбиді жетілдіру жөніндегі  тапсырманың толық орындалып, белгіленген тәртіппен бекітілгенге дейінгі кезеңде латын графикасына негізделген әліпбимен жазу уақытша тоқтап тұр. Десе де елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру реформасы ҚР Үкіметі бекіткен үш кезеңнен тұратын ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілді. Әрбір кезеңде атқарылатын шаралар жоспарланып, мақсат-міндеттер айқындалды. Реформаны жүзеге асыру үшін қажетті материалдық, техникалық, кадрлық, т.б. алғышарттар қарастырылды. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізуді қолдағанымыз жөн. Небір қиын-қыстау кезеңдер мен сын сағаттарды басынан кешірген халқымыз бұл істен де абыроймен өтетініне сенеміз. Бастысы жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізіп, халқымыздың бойына сенім ұялату, қаншалықты маңызды іс екендігін ұғындырып, ұсыныс-пікірлерді қаперге алу болмақ.
 

М. Шынбаева
Жаңақорған ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
жетекші маманы
09 маусым 2020 ж. 656 0