№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қай ауылдың аркасы латын қарпінде жазылған?

Қай ауылдың аркасы латын қарпінде жазылған?


Рухани жаңғырып, әлемде өзіндік кемелдену жолын табуға көптеген фактор әсер етеді. Соның ішіне жазу жүйесін реформалауды да қосу керек.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, әдістемелік жұмыстар жүргізуді қадап айтты. Елбасы Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кездері тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Осы уақыт аралығында жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынып, әліпбидің түрлі нұсқалары сараланды, әлі де зерттелу үстінде.
Ғылым мен техниканың, интернет пен соңғы технологияның тілі латын қарпі десек, онда латын қарпіне көшу бізді жаңа мүмкіндіктер мен зор жетістіктерге бастайды. Ендеше, латын қарпіне көшу елімізді оң бастамалар мен әлемдік өркениетке бастайтын жол екендігін әрбір азамат білуі тиіс. Алайда бұл үдеріс бір жылдық шаруа емес, Елбасы айтқандай кезең-кезеңімен жүзеге асатын игі іс.
Латын қарпіне көшу жолында Жаңақорған ауданы бойынша да игі істер атқарылып келеді. Бүгінгі таңға дейін мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік сала қызметкерлеріне латын әліпбиі негізіндегі емле ережелері түсіндірілді. Аудан бойынша Жаңақорған кенті мен 4 ауылдық округтің(Талап, Ақүйік мен Бесарық) және 1 ауылдың (Түгіскен) аркалары латын графикасында қайта жасалып, бірқатар ауылдық округтер мен ауылдардағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік емес нысандар, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпарат құралдары латын қарпіне сай жазылған болатын.
Атап айтсақ, 6 ауылдық округтің – Төменарық, М. Нәлібаев, Сунақата, Қаратөбе, Манап, Екпіндінің төлқұжаттары мен Жаңақорған ауданы білім бөліміне қарасты №166, №167, №247, №229, №242, №53, пен №223 орта мектеп пен Екпінді, Манап, Қаратөбе, Төменарық, М. Нәлібаев ауылындағы мәдениет үйлері жаңаша сипат алды. Қаратөбе ауылындағы «Аққайың» балабақшасы, «Бек Дарын» балабақшасы, М.Нәлібаев елді мекеніндегі «Әділ» балабақшасы, Төменарықтағы «Балау­са», «Балдәурен» балабақшасы мен Қаратөбе ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаториясы, Жаңарық ауылдық округіндегі «Тағзым алаңы», «Тауелсіздік аллеясы» сынды атаулар жаңаша сипат алды.
Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 18 қарашадағы №19-4105 тапсырмасы негізінде Әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырманың толық орындалып, белгіленген тәртіппен бекітілгенге дейінгі кезеңде меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың көрнекі ақпаратын, мекеме атауларын және басқа да деректерді латын графикасына негізделген әліпбимен жазу уақытша тоқтатылып тұр.
Қорыта келгенде, латын әліпбиі – ұлттың санасын бұғаудан босататын, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралтып, ұлттық санамызды қайта жаңғыртатын, жарқын болашаққа сара жол ашатын тіл болары анық.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
19 ақпан 2020 ж. 741 0