№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Нан КӨГЕРІП, ҚАТЫП немесе арасы БЫЛЖЫРАП кетпесін десеңіз...

Нан КӨГЕРІП, ҚАТЫП немесе арасы БЫЛЖЫРАП кетпесін десеңіз...

  "Жаңақорған тынысы" Қыстың күні, суық мезгілде нанды сақтау қиындық тудырмайды. Ал жаздағы аптап ыстықта нанды күнделікті дүкеннен алып немесе үйде жауып отырсаң да кейде қатып, көгеріп қалатын кездер кездеседі. Ыстықтан бөлке нандардың арасы желім секілді болып қалса, жұқа жабылған (лепешка) нандар қатып қалады. Ендеше нанды көгеріп, қатып қалмас үшін қайда сақтау керек? Ұзақ сақтаудың құпиясы қандай?Қатқан нанды қалай қалпына келтіруге болады? Осы сұрақтардың жауабын төменнен табасыз. ERNUR.KZ

Нанды қайда сақтау керек?
 Қазір көпшілігіміз нанды арнайы нансалғыш ыдыста сақтаймыз. Бірақ заманына қарай олар түрлі материалдардан жасалады - керамика, ағаш, пластмасса. Ең көп тараған, бағасы қолайлы – пластмассадан жасалған нансалғыш. Бірақ сарапшылар нан сақтауға ең дұрысы ағаш ыдыс деп есептейді. Қазіргі сарапшылардың зерттеп айтып жүрген бұл пікірлерін атам қазақ ежелден-ақ білген. Өйткені бұрынырақта әр үйде нан салуға арналған ағаш ыдыстар болатын.

Ағаш ыдыс ылғалды өзіне жақсы сіңіреді.
Сондықтан онда тұрған нанның арасы көгеріп кетпей ұзақ уақыт жақсы қалпын сақтап тұрады. Сондай-ақ нансалғышты ыдыс жуатын жерден алыс және жарық, құрғақ жерге қою керек. Бұл да нанның ұзақ уақыт сақталуына әсер етеді.

Кенеп немесе мата қалташаға
орап ағаш шкаф ішіне сақталған нан да өзінің жақсы қалпын 2-3 күн ұстап тұрады. 2-3 күннен кейін нан қата бастайды, бірақ дәмін жоғалтпайды.

Полиэтиленді қалталар нанды
5 күнге дейін жұмсақ қалпында ұстап тұра алады. Мұндай қалталар ылғалды ұстап тұрады. Сондықтан ондағы нан оңайлықпен қатпайды. Алайда ылғалдың ұзақ сақталуы түрлі бактериялардың көбеюіне тікелей жол ашады.

 Ағаш ыдыстың тазалығы: Аптасына бір рет 1 л суға 3 тамшы сірке суын қосып, сол қоспамен ыдысты сүртіп шығыңыз. Ас бөлмені жиі желдетіп тұру керек. Матадан жасалған нан сақтайтын қалташаны айына 2-3 рет жуу қажет. Жуғанда тек кір сабын пайдаланған дұрыс. Себебі ұнтақ пен өзге де жуу құралдары қалта ішінде сақталатын нанның сапасына теріс әсер етеді.

06 маусым 2020 ж. 426 0