» » Жемқорлықты ауыздықтау-ортақ іс

Жемқорлықты ауыздықтау-ортақ іс

Қай қоғамның, қай дәуірдің дамуына кері әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық дерті елдегі төтенше жағдайға да қарамады. Айналдырған екі айдың ішінде ел еңсесі түсіп жатса да, жемқорлық індет секілді өрши түсті. Жолы қанша кесіліп жатқанымен тамыры тереңдеген сыбайластық сығылып қалмады. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер туралы көп айғақ кездесіп жатты.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық – бұзушылықтарға бой ұруына әртүрлі себептер болады.
Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейі, әдептілік ұстанымының  төмен болуы әсер етсе  керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің заңды саққтауға немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  деңдеуіне түрткі. Мемлекеттік қызмет үшін жыл сайын талаптар күшейтіліп келе жатқаны белгілі. Бірақ заң ортақ болғанымен, оған мойынсыну ортақ болмай тұрғаны қынжылтады.
Мемелекеттіміздің әрбір азаматы ҚР –ның Конституциясын және заңдарын сақтауға, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Ендеше жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды өзіне міндет санайды.
Жалпы, жемқорлықпен, құқық-бұзушылықпен күрес мәселесі тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті әрі халық алдындағы борышы екенін естен шығармауымыз тиіс. Егер ел болып жұмылсақ, онда аудан дамуына, ел экономикасының өсіміне өз үлесімізді қосқан болар едік.
 
Б.Қалдыбаев,
 Жаңақорған аудандық сотының бас маманы,
сот-отырысының хатшысы
30 сәуір 2020 ж. 642 0