Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жырық ыдыспен ас ішпе

Жырық ыдыспен ас ішпе


Қонақ күту қазақта Ыбырайым пайғамбардан қалған деген түсінік бар. Бірде Ыбырайым қонақ күтіп отырса,

Ібіліс келіпті. Ыбырайым селк ете қалып:
– Әй, малғұн! Сені кім шақырды? – дейді. Ібіліс:
– Алла жырық ыдыстан маған дәм бұйыртқан. Кесесі кетік пен табағы жырыққа қонаққа мен келемін, – дейді. Ыбырайым дастарханға қараса, кетік ыдыс тұр екен. Жырық кесені алып, сыртқа лақтырып тастайды да:
– Онда несібеңді сырттан ізде, – дейді. Содан бастап қазақ халқында кетік, сынған, жырық ыдыстан ас ішпейді екен. «Жырық ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді» деген түсінік қалады.

Oinet.kz
16 сәуір 2020 ж. 1 058 0