Құнанбай не үшін марапат алды?
Құнанбайдың бұдан кейінгі жылдарындағы қызметі жайлы Москва архивтерінде сақталған мәліметтерінде, 1844 жылы 30 шілдеде Кішік-тобықты болысының управителі болып сайланғаны,1841 жылы «бүлікші» сұлтан Кенесары Қасымовқа қарсы ұйымдастырылған экспедицияға қатысқаны, 1846 жылы 11 шілдеде «бүлікші» сұлтан Кенесары Қасымовтың қозғалысын қатысқаны үшін «Хорунжий» атағы берілгені, 1849 жылы 22 қазанда Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайланғаны, 1852 жылы 31 қазанда орнына басқа адам сайланғандықтан аға сұлтандық қызметтен босатылғаны жайлы ақпарат сақталған.
Петербург, Москва, Омбы, Қазақстан архивтерінде сақталып қалған жазбаларда «отаршыл орыс империясына еткен қызметін орынды бағалап, жоғарыдағы архив деректерінде көрсетілгендей, бағалы сыйлықтармен марапаттай отырып, оған «хорунжий» офицер шенін берілгені де көп жағдайды аңғартты. Сонда Құнанбай сол заманның саясатын қолдаған ба? Бұл да зерттелуге тиіс дүние.
ТҮЙІН. Шын мәніндегі ұлттық тұлғаға айналған халқымыздың ұлы перзентерін қастерлей отырып, өмірі мен шығармашылығын жан-жақты дәріптесек, солардың өнегелі ғұмыры арқылы халқымызға өте қажет ұлттық идеологияны қалыптастырар едік. Ұлыларын ұлықтап, олардың тарих алдындағы беделін адал бағалаған елдің ғана мұраты асыл болмақ.
Мақпал МАРҚАБАЙ