№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үйде жұмыс істеу кезінде қандай ережелерді сақтаған жөн

Үйде жұмыс істеу кезінде қандай ережелерді сақтаған жөн

    Аудандық "Жаңақорған тынысы" газеті Massaget.kz басылымына сілтеме жасап үйдегі жұмыстың кеңседегідей өнімді болу жолдарын көрсетеді.

1. Теледидар қоспау
Көгілдір экраннан шыққан дауыс сізді жұмыстан алаңдататыны сөзсіз. Егер басқа отбасы мүшелері теледидар қараса, басқа бөлмеге барып жұмыс істеңіз.
Көрнекі фото: pixabay.com
2. Дұрыс киіну
Жұмыс костюмін кию міндетті емес. Үйде дресс-кодтан демалуға болады. Алайда, қалай болса солай киініп отыруға болмайды. Жинақы немесе әдемі киініп алу жұмыс атмосферасын жасауға көмектеседі.
Көрнекі фото: pixabay.com
3. Тамақ алып келу
Күнде дүкенге бармас үшін бірнеше күнге жететін азық-түлік алып қою артық етпейді. Бұл тек күнделікті үйге қажетті азық-түлікке қатысты емес, мысалы, кеңседе сүйіп ішетін кофеңіз немесе тіскебасарыңыз сізге қосымша шабыт сыйлауы бек мүмкін.
Көрнекі фото: pixabay.com
4. Жұмыс кестесінен шықпау
Үйде жұмыстан алаңдататын тұрмыстық шаруалар толып жатыр. Мысалы: кір жуу, тамақ пісіру, үй жинау. Бірақ оның бәрі уақытыңызды алатынын ұмытпау керек. Сол себепті бұл істерді демалыс күндерге немесе кешкі уақытқа қалдырған жөн.
Көрнекі фото: pixabay.com
5. Жұмыс орнын ұйымдастыру
Диванда жатып, жұмыс істеу карантиннің бір артықшылығы шығар. Бірақ бұлай жұмыс істеу денсаулығыңызға зиян және жұмыс процесіне кері әсерін тигізеді. Сол себепті бөлменің бір бұрышынан жұмыс үстелін ұйымдастырған абзал.
Оған қажетті құжаттар, кітаптар, қалам және блокнот қою артық етпес. Жинақы кеңсе бұрышы жастық-көрпе шашылып жатқан жерден қарағанда жұмыс жасауға көбірек шабыт береді.

21 наурыз 2020 ж. 484 0