№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Еріңді жаулағың келсе, асқазанына жол тап!

Еріңді жаулағың келсе, асқазанына жол тап!

Қазіргі заманның кейбір әйелдері көшеге шығардан кем дегенде бір сағат бұрын жуынып-шайынып, бетін әрлеп, шашын сәндеп әлек болады. Өзінің тазалығына тамсанып, үстіне сепкен әтірінің хош иісін иіскеп ләззат алып, көшеге ерекше көңіл-күймен шығады. Көпшілігі жұмысқа барады.
Кеш болады. Жұмыстан қайтатын уақыт келеді. Жұмыстан үйге келеді. Сонда әлгінде айтқан әйелдердің түрін көрсеңіз: бояудың бәрі сүртілген, киімі де сәнді емес түтілген, қарағанның көңіл-күйін әп-сәтте түсіріп жіберетін түр жасап тұрады. Өзі шаршаңқы, шашы ұйпа-тұйпа, түрінен түнімен ұйықтамаған адамды көресің.
Өзіңіз айтыңызшы, қандай еркек осындай көріністің болғанын қалайды? Ол да көшеде қыздай келіншектерге көзі түскен шығар. Үйде сізді мұздай күйде көргенде қандай әсерде болады?
Сол көшенің ханшайымдары үйге келсе күлбикешке айналады. Ескі көйлек кие салған. Тамақ істемеген. Балаға қарамаған. Осылайша күйеуін қарсы алады. Сөйтеді де:
«Қымбаттым, кешірші. Жұмыстан қазір ғана келдім. Шаршап тұрмын. Шәй-пәй іше салайықшы» деген секілді сөздер айтады.
Иә, қазір көптеген әйелдер жұмыс істейді. Үйде отыратындары аз. Бұл енді заман талабы. Біреудің айлығы шайлығына жетпейді. Сондықтан, екеуі де жұмыс істейді. Енді біреу дүниесі жетіп тұрса да, екеулеп жұмыс жасайды. Мәселе онда емес. Көбінесе үйде отырған әйелдердің де өз міндетін дұрыс атқарып жатқаны шамалы.
Мәселе әйелдің бір тірлігінің кемдігінде болып тұр ғой. Жұмыстан келген еркектің қарны ашып келетіні белгілі. Сол кезде тамағын дайындап, жадырап алдынан әйелі шықса, қандай тамаша. Шәй-пай деген нәрсе адамның көңілін де, қарнын да тойдырмайды. Абайша айтсақ, майлы ас жемей асқазан жұбана ма? Еркектің махаббаты асқазанында екенін білсеңіз ғой. Қарны тоқ болса, сізге деген көңілі де тоқ.
Ол үшін әйел кісілерге айтарымыз, бір айлық кешкі тамақтың жоспарын құрыңыз. Бір күні бесбармақ, келесі күні дәмді қайнатылған сорпа деген секілді. Әрі сол тамақтарға керекті азықтарды алдын ала қамдап жүріңіз. Тамақ істегенде де ерекше көңілмен істеу керек. Дәмді етуге тырысу керек. Тамақтың қай-қайсысы болса да жақсы, егер де дәмді әрі ыстық болса. Осылайша күйеуіңіздің сізге ыстық ықыласын ыстық тамақ арқылы да оятуға болады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызының бір жиында айтқан мынадай бір сөзі бар еді. Ол кісі айтады әйелдерге: «Сіздер таңертең күйеулеріңізден ерте тұрыңыздар. Әдемі киініп, сүйкімді түрге еніп, шайын дайындап тұрыңыз. Күйеуіңізді жұмысқа көтеріңкі көңіл-күймен шығарып салыңыз. Содан кейін оның сізге деген көңілі қалай суысын? Ал, егер күйеуіңізбен жарысып тұрсаңыз, сіздің өңі қашқан түріңізді көргенде, әрине көшедегі өзгенің әйелі оған әдемі көрінеді» деп еді. Өте дұрыс айтқан.
Әйел адам ерінің қас-қабағына қарай білуі керек. Әйел деген жұмыстан келсе де, үйде болса да әдемі көйлегін киіп, майлы да дәмді тамағын дайындап, күйеуін жоғары деңгейде қарсы алуы тиіс. Бала-шағаны жуындырып, киіндіріп, үйді жинап қойыңыз. Күйеуіңіз үйге келгенде көзі жайнап кетсін.
Әйел адам өз міндетін дұрыс атқарса, ер адам да өз міндетін дұрыс орындаса, бақытты жанұяға айналары сөзсіз.

Muslim.kz
18 тамыз 2019 ж. 721 0

Ұқсас жаңалықтар: