№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сақтансаң сақтайды

Сақтансаң сақтайды


– Төтенше жағдайдың енгізілуі қазақс­тандықтардың қауіпсіздігі үшін. Бірақ абыр-сабырға түспей, гигиенаға жіті көңіл бөліп, уақытша оқшау ұстасақ, қиын­дықтар артта қалатыны сөзсіз.
Президенттің төрағалығымен өткен кеңесте берілген тапсырмаларға сай, аудандағы мешіт имандарына, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына хат жолданды. Қоғамдық көліктер мен базарларды дезинфекция жұмыстарын жүргізуді міндеттеу мақ­сатында Кәсіпкерлік палатасына хат жіберілді. 42 мектептің директорына сақтық шараларын күшейту жөнінде хат жіберілді.
Ауданнан тікелей әуе рейстері болма­ғандықтан, індет ошақтарынан тікелей келу қаупі жоқ. Соған қарамастан ақпараттандыру, алдын-алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. «Нұр» базары мен автобекетте, Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Шиелі жарығы» аудандық филиалында және т.б тұрғындар көп болатын орындарда түсіндірме жұмыс­тары жалғасып жатыр.
Ауданда адамдар ең көп жиналатын базар мен мешіттер бақылауда тұр. Мұндағы мақсат халықтың ауру тіркелген қолайсыз елдерге шықпауын қадағалау. Алыс-жақын шет елдерден сауда саттықпен айналысатын кәсіпкерлерді бақылауға алып, миграцияны шектеу ісі түсіндірілуде.
«Сақтансаң сақтаймын» дегендей әр адам қауіпсіздік қағидаларын естен шығар­май әр нәрсеге немқұрайлылықпен қарамаса екен.

Шынар АЙДАРОВА,
Жаңақорған ауданы бойынша тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

17 наурыз 2020 ж. 818 0