Гигиенаны сақтау маңызды
– Денсаулық – басты байлық, мемлекеттің негізгі капиталы. Сондықтан елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанға дейін жеке бас гигиенасын ұстап, үй ішінде ылғалдандыру мен тазалықты сақтау, сақтық шараларын ұйымдастыруға маңыз беру керек.
Дерек көздеріне қарағанда, Азия, Еуропа елдеріне коронавирус жылдам тарап, әлем елдерінде үлкен мәселеге айналып отыр. Коронавирусты індет ошақтарында болғандар ғана жұқтыру ықтималдығы жоғары.
Қазіргі таңда жүріп жатқан ЖРВИ мен коронавирусты салыстыру қателік. Маусымдық тұмау қатерлі ауруға айналмайды. Халық соны түсіну қажет. Алайда жай тұмау екен деп денсаулыққа салғырттық таныту қателік.
Айта кететіні, шет елден келген азаматтармен қарым-қатынаста болмауға тырысу қажет. Тағы бір мәселе, қоғамдық көлік жүргізушілері әрбір сапар сайын техникалық хлор ерітіндісімен жуып, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге мән бергені дұрыс. Уақытша той-домалақты тоқтата тұруға кеңес беремін. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін осыны қаперде алу керек.
Егер адам күйзеліске түсіп, иммунитеті төмендесе түрлі ауруды тез қабылдайтыны анық. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, тамақтану режимін қатаң сақтаған жағдайда ешқандай вирустар әсер ете алмайды.
Асқан ОТАРБЕКОВ,
аудандық емхана дәрігер-эпидемиологі