№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыз өссе елдің көркі

Қыз өссе елдің көркі

Шуақты  көктемнің   алғашқы аптасында Қосүйеңкі  ауылындағы«Балбұлақ  бөбекжай – бақшасында»  халықаралық  аналармейрамына орай  балабақша  бүлдіршіндерінің  арасында «Қыз  өссе – елдің  көркі» атты  мерекелік  сайыс жоғары  деңгейде  өтті.
Бұл  сайыстың  шымылдығынбалабақша  арулары  «Көбелек» биімен  ашты.  Балабақша меңгерушісі  Г.Сейдінбекова  аналарды мерекесімен  құттықтады.  Балабақша арулары  Есенгелді  Айшат,Тоқтасын  Айша,  Егемберді Аружан,  Кемал  Аруна, Қуатбек  Жасмин  қатысты. Өнер сайысында балғындар «Тегін  білутектілік», «Қыз  еркем-өнерімен  көркем», «Сұрақ-жауап», «Ару  қыздарымыздың қолөнері» және «Сымбатына сән  киім  жарасады» атты бес кезең бойынша бақтарын сынады.
Таныстыру  кезеңінде  арулар өздерін  жан-жақты  көрсете білді.  Өз  өнерімен Айшат  Есенгелді  Абай атамыздың  «Ғылым  таппай мақтанба», «Әсемпаз  болма  әрнеге» өлеңдерін  мәнерлеп  оқып, «Анатуралы  ән»  тамылжыта орындады.  Айша Тоқтасын «Қамажай» биін билесе, Аруна  Кемал «Әке-ана» әнімен көрермен көзайымына айналды.  Ал, Жасмин Қуатбек  аруымыз  «Тамаша» биімен  барлық  аналардың көңілін  көтеріп,  өзімен  бірге  билетіп, көңілді кештің көркін келтірді. Аружан Егемберді әжелердің құрметіне «Менің  әжем» әнін әуелетті.
Әр кезеңде кішкентай арулар жан-жақты өнерлерін ортаға салып, аналарын да өз қөлөнерімен қуантты. Әділқазылардың  шешімі бойынша  І орын  Есенгелді Айшат,  ІІ орын  Қуатбек Жасмин,  ІІІ  орын Егемберді  Аружан  иеленді. Сайыста  белсенді,   ерекше өнерімен көзге  түскен аруларымыз  Тоқтасын  Айшамен  Кемал  Аруна "Алғыс  хатпен"  және сыйлықтармен  марапатталды.  Балаларымыз өз  қолдарынан  жасағангүл  шоқтарын  аналарына  сыйлап, мерекелерімен  құттықтады.  Ата-аналар төрайымы  Жазира Байхон  сайыстың өте жақсы  ұйымдастырылғанын  айта келіп,  ұйымдастырушы  Жанар  Мотаеваға және  балабақша  ұжымына, барлық  ата-аналарға  алғыс айтып,  балабақшаға  өз қолынан   жасаған  гүлшоқтарын  тарту  етті.
10 наурыз 2020 ж. 736 0