Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмірдің шуағы
Аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі ана деп соғатыны белгілі, осындай сарында аудан орталығындағы «Нұрай-Қыдыр» балабақшасында «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік кеш өтті.

Балғындар берілген кезеңдерде өнерлі, талантты да білімпаз екенідігін жан-жақты көрсетті. Бірі би билеп, бірі ән салып, бірі қолөнерімен еркешеленді. Кішкентай бөбектердің өнерін бағалаған қазылар алқасы құрамында орталық балалар кітапхана меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетова шын бағасын берді.
Бас жүлдені Наз Алмас иеленсе, Айару Тоқтар мен Гүлшара Бектөре үлгілі қыз бен өнерлі қыз номинациясымен марапатталды. Ұйымдастырушы топ жетекшісі Динара Досановаға ата-аналар алғыс тілектерін білдірді.